СӘРСЕНБАЙ ЖЫРАУ
Атақты Сыр сүлейлерінің шаңырақ көтерген жері Қармақшы ауданында дүлдүл ақын Тұрмағамбет, ойлы да кемел сөздің иесі Омар, қатар шапқанда өлең-жырын дестелей тастайтын Жүсіп, атақты жыраулардан Жиенбай, Тұрымбет, Молдахмет, Рүстембек және сырлы да сұлу мақамның сұңғыласы Сәрсенбай жырау өмір кешкен. Жыраулық, термешілік өнерде Сәрсенбай жыраудың мақам-сазы күрделілігімен ерекшеленеді. 1970 жылы 70 жасында дүние салған Сәрсенбай Бөртебайұлы ерекше мінезді адам болыпты.
Сәрсенбай жырау әкесі Бөртебайдан үш ағайынды. Үшеудің үлкені – Ермахан әңгімешіл, ауылдың қадірлі ақсақалының бірі болса, ортаншысы – Дүйсен Сыр бойы, Орал, Астрахань, Ташкент, Қарақалпақ елі түгел ардақтаған айтулы жыршы, термеші болған. Сәрсенбай сол аға дәстүрін жалғастырды. Тек жалғастырып қойған жоқ. Бөртебай тұқымына тән жыршылық пен термешілікті сұлулап, өзіндік әуен, мақам тудыра әнін алуан бояумен ажарлап өткен өнер адамы.
Сәрсенбай жырау 1900 жылы ауданымыздағы бұрынғы Бозарық, қазіргі Ақжар ауылында дүниеге келген. Әкесі Бөртебай өзіндік күн көрісі мол, орта шаруалы кісі екен. Сәрсенбайдан үш ұл, екі қыз тараған. Шешесі Шонық қыз күнінде-ақ ауылында ақын атанған. Әкесі Ажарбай заманында беделді, сөз тыңдататын және өте ауқатты кісі болыпты. Бір күні Шонық көрші ауылдағы бір тойға шақырылады. Бұл тойда атақты ақын-жырау Тұрымбет жыр жырлап жатса керек. Сары атаңды желдіріп, Шонық сол Тұрымбет отырған үйдің тұсына келеді:
Қай майдан, мына майдан, құба майдан
Құба үйрек, алма мойын ұшар сайдан
Алыстан іздегенім тап болды ма,
Дауысы Тұрымбеттің шықты қайдан? – деп айқай салады.
Мұны естіген соң әлгі айтылып жатқан жыр кілт тоқтап, тыңдаушы жұрт сыртқа құлақ тосады. Сол кезде жаңағы дауыс қайта саңқылдап, одан әрі:
Тұрымбет шіренесің неге мұнша,
Әдейі іздеп сені келіп тұрса.
Әйелмін, жолым нәзік құрмет сенен,
Атыңды шөгерсеңші тым құрыса, – деп шырқай жөнеледі. Сол кезде Тұрымбет жырау орнынан тұрып, Шонық ақынға риза болып, төрден орын ұсынып ақ батасын берген.
Сәрсенбайдың ағасы Дүйсен өте айтқыш кісі болған. Дүйсен екеуі ел аралап, жыр жырлап «Қос жырау» атанған. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қарақалпақ еліндегі қазақ ауылында өнер көрсеткен. Сәрсенбай жырау жас кезінде ауыл молдасынан ескіше хат танып, әрі қарай өз бетінше ізденіп оқыған. Ол Арқаның Біржан салы сияқты салдық пен серілікке бой ұрды. Бір жағынан құралайды көзге атқандай мерген. Ұсталық пен зергерліктен де хабары болған. Қолдан домбыра жасаған.
Сәрсенбай жырау өзі тұрған ауылында көп тұрақтамаған. Себебі, сол кездегі ел басқарған шолақ белсенділерге жақпайтын болған соң домбырасын арқалап, ел аралап жүрген. Сөйтіп жүргенде өлең-жырды жақсы көретін, өзі сопы Сопан деген кісі айттырып қойған қызын Сәрсенбайға қосып:
– Қарағым, енді көп жүрісті қой, сендей асыл тектіден ұрпақ қалуы керек, – деген екен. Сыр бойындағы іргелі ел Он екі ата Байұлы баласының бірі – алашаның ортасында, бұрынғы «Мектеп – Қорған» қазіргі Тереңөзек ауылында қайын жұртында көп жыл отырған. Ал енді жыраулық өнеріне келетін болсақ, оның мақамы өз тұсындағы жырауларға мүлде ұқсамайды. Ол асықпай, жәймен айтып отырып-ақ тыңдаушыны өзіне еріксіз еліктіріп алады. Сәрсенбай жырау ғана емес, әнші және күйші болған.
Ол кісі көбінесе Құрақтың Досжанының күйлерін тартқан. Халықтың «Нар идірген», «Бұқтым-бұқтым», «Желдірме» атты күйлерін шебер орындаған. Тыңдаушының бәрі бірдей бола бермейді. Олардың ішінде жастар да болады. Оларға арнап лайықтап, ән айтқан. Сөйтіп, Сәрсенбай тыңдаушы қауымның назарын өзіне аударып алып, негізгі жырына сосын көшеді екен. Сәрсенбай жырау Сыр бойындағы белгілі ақындардың өлең, жыр-терме, толғау хикаяларын айта отырып арасына өз термелерін қосқан.
Сыр бойына белгілі ақын-жырау Қуаныш Баймағанбетұлы өзінің «Сымбатты сұлу Сырдың сүлейлері» атты толғауында:
Асықпай жыр мәнерін салған тезге,
Әрі ақын, жаңылмайтын айтар сөзге.
Баптайтын домбырасын өзі жасап,
Сәрсенбай Шөмекейде жырау өзге, – деп осы төрт қатар сөзге Сәрсенбайдың бар болмысын сыйдырып өткен.
Қазіргі кезде Сәрсенбай жыраудың ел арасына тараған он төрт мақамы бар. Сәрсенбай жырау өзіндік өнерімен халыққа кеңінен танылғаннан кейін, әртістер құрамына еніп, ел аралап, концерт қойып беруді біршама уақыт дағдыға айналдырады. Осы кезде ол орындау шеберлігіне сай ерекше көзге түсіп, оның термешілік ұтымды мәнеріне өзімен иықтас жыраулардың өзі сүйсініп, тәнті болған. Мұндай үлкен құрметке ол жыраулық өнердің қыр-сырын жақсы игеруімен қатар өз өнеріне жауапкершілікті терең сезінуі арқылы жеткен.
Біздің қолымызда Сәрсенбай жыраудың бірнеше термесі бар. Бұл термелерінде ақын тыңдар қауымды ауызбірлікке, татулыққа шақырса, ендігі бір термесінде өнер адамын қадірлеп, биік тұтатынынан хабардар етеді.
«Өмір өткелдері» термесі арқылы ақын халықты адамгершілікке үндейді. Кейінгіге үлгі тұтарлықтай артында өнегелі сөзің, ісің қалсын деп өмір белестерін жырлайды.
Сәрсенбай жырау қуанса да, ренжісе де ішкі көңіл күйін өлең шумағына түсіру арқылы жеңілдеген.
Жыраудың күрделі шығармасынан «Мұңсыз хан», «Жүсіп – Ахмет», «Мақпал қыз» дастаны бар.
«Мұңсыз ханның» негізгі желісі Шығыс ертегісіне байланыстырып жазылған. Сонымен бірге оның тұрмыс-салт жырына жақындығы аңғарылады. Дастан 280 жолдан тұрады. Бұл жырау шығармасының ішіндегі ең көрнектісі. Жырда өмір қиындығы, әр пенденің өзіне тән мұңы болатыны айтылады.
«Жүсіп – Ахмет» жыры жыраудың ескертуінше атақты емші Садық ахуннан айтуы бойынша алынған мазмұнға негізделген. Шығарма 1921 жылы жазылған.
Әйелдің бас бостандығын таптық мазмұнда жырлайтын жырының бірі – «Мақпал қыз» дастаны. Бұл дастанның екі түрлі нұсқасы бар. Хикаяның екінші нұсқасын Әлқуат Қайнарбаев жазып алған.
С.Бөртебайұлы халық арасында өзіндік орындау шеберлігімен, жыр қорының көптігімен жақсы танымал. Сыр бойындағы Кете, Шөмекейде жырау мақамының қайырымы ұзақ келеді. Оны тек қана бір деммен қайырғанда ғана ол мақам әсерлі де сұлу көрінеді. Оның орындауындағы мақам-саз басқа Сыр өңірі жырауларынан өзгеше болған.
«Арыстан мен адам» өлеңінде «Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген халық мәтелінің ұғымындағы ғибратты насихаттаса, жырау өзінің алдындағы Дүр Оңғар, Жиенбай, Тұрымбет, Молдахмет жыраулардан көп үлгі алған. Әсіресе ол Тұрымбет жыраудың мақам, сазын өзінше дамыта білген.
Жырау Түркістаннан төмен, Аралдан бері қарай Бұхар, Хиуа облысымен Қарақалпақ Республикасын тегіс аралаған. Әдетте мұндай аумақты аралап өзін-өзі көрсетуі үшін жыр қорының да өте мол болуы шарт. Қолда бар дерекке қарағанда Сәрсенбай жыраудың жыр мұрасы 5-30 мың жолдан тұрады. Осыншама өлең жолын ол өз қолымен жазып, қолжазба ретінде артына қалдырып кеткен.
Кейбір дерек бойынша жыр жырлауда Сәрсенбайдың 20-25-тей мақамы болған. Иірімі мен қайыруын, оның құрылымын нотаға түсіру – кезек күттірмейтін мәселе.
Сәрсенбай жыраудың «Жүсіп – Ахмет» дастанын өз дауысымен жырлаған магнитті кассетасы бар. Түпнұсқасы Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы Мемлекеттік университетінің музыка кафедрасының жеке қорына тапсырылған.

Қ.МОЛДАХМЕТОВ