» » » Тұрымбет Салқынбайұлы -150 жыл

Тұрымбет Салқынбайұлы -150 жыл

Тұрымбет жырау, ақын Салқынбайұлы 1868 жылы бұрынғы Қазалы уезі, (Қармақшы ауданы, Қызылорда облысында кедей шаруа отбасында дүниеге келген.Сол өзінің ауылында «Бозарқаш» колхозында 1946 жылы қайтыс болған. Әрі жырау, әрі ақын Тұрымбет Салқынбайұлының есімі тек Сыр бойына ғана емес, талай жерлерге белгілі болған. Тұрымбет жырау оқымаған, тек үйреншікті, шала сауатты кісі екен. Ол терме, тақпақ, айтыс, толғау, тойбастар, мақтау, сынау сөздер айтуға өте шебер болған. Ол туралы «Ақын-жыраулар» («Ғалым»,1979 ж) атты кітапта Салқынбаев Тұрымбет сыр бойы, Арқа, Қарақалпақстан, Түркіменстан, Өзбекстан, жерлерін көп аралап, жыр айтқан. «Зинарат қыз», «Әмірі – Ұрлықа», «Әуезхан», «Ақтам» сияқты көп жыршы-жыраулар біле бермейтін, ұзаұ әрі қызық сюжетті қисса, дастандарды ел арасында бірден бір таратушы жырау. Ол жыраулық өнеріне қоса ірі айтыс ақыны. Революциядан бұрын Жиенбай жырау, Кете Жүсіппен айтысқан. Ұлы Отан соғыс жылдарында халық ақындарының аудандық, облыстық айтыстарына қатысқан. Ақынның Октябрьге, Ленинге, Ұлы Отан соғысының қаһармандарына, еңбек адамдарына арналған өлең-толғаулары бар. Жастайынан жоқшылықты көп көріп өскен Тұрымбет жырау, Кеңес дәуірін жырлауға қызу үн қосады. Жыраудың шығармашылығы негізінен екі дәуірді қамтиды. Оның Қазан төңкерісіне дейінгі дәуірдегі өлең-жырларында байлар мен алыпсатар қулардың залымдығы, замана тарлығы, ел мұңы, ауыл арасындағы ұрлық-қарлық, ағайын бірлігі жырланды. Сан қырлы талант иесі Тұрымбет жырау құсбегі ретінде қаршыға, бүркіт ұстап, тазы жүгіртумен де айналысқан. Тал егіп, бағбандықпен де аты шыққан. Ол сұлу сақал, мұрты бар, бидай өңді, орта бойлы, иықты келген, мейлінше кең пейілді, қарапайым, ағайын-туысқа, жалпы елге қадірлі, сыйлы кісі болған. Тұрымбет өз тұстастарының арасында шқтығы биік, өнер иесі суырып салма ақын. Ақын өзінің қартайып, шау тартқан шағында да, өз дәуірінің жыршысы болып, елдің бүгіні мен болашағын тебірене жырлайды
17 қыркүйек 2018 ж. 2 695 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 000

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031