» » Ел есіндегі майдангер

Ел есіндегі майдангер

Елді қорғау – әрбір ер азаматқа берілген ұлы мәртебе, міндет. Соны абыроймен атқарып, жерді жауға бермеген батыр ағалардың арқасында бейбіт күнде өмір сүріп жатырмыз. Бүгінде олардың есімі мәңгі ел есінде. Соғыс жылдары тарих қойнауына кеткенімен, майдангерлерді еске алып, ұлықтау парызымыз. Ауданымызда Ұлы Отан соғысына қатысып, кейін елге оралып қызмет еткен жандар жетерлік. Соның бірі – Зәкір Таңбаев.
Бір әкеден төрт ағайын тараған Зәкір Нұрманұлы 1925 жылы Қармақшы ауданында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Соғыс белең алған жылдарда атқыштар полкінде болған. Ауданнан Н.Молодовский, З.Таңбаев, А.Құлжанов, К.Түтебаев майданға бірге аттанып, жауға қарсы күрескен. Югославия еліндегі ұрыста жаумен ашық шайқасқа шығып, шабуыл барысында зеңбіректің атқылаған оғына тап болады. Сол арада қатты жарылыстан есінен танып қалып, сол жамбасынан жарақат алады. Ол өзінің естелігінде былай деп жазады. «Айнала тынышталып қалған. Мен орнымнан тұрайын десем, қозғалатын түрім жоқ. Аяғыма зеңбірек оғының жарықшағы тиген екен. Жан-жағыма қарасам Молодовский досым басынан жарақат алса керек, екі қолымен басын қысып «Мама» деп жатыр екен. Сәлден соң дәрігерлер келіп, бізге «қозғалма солдат» дегеннен зембілге салып алып кетті. Жарақатымыздың ауыр екенін көріп, Ленинградтағы госпитальға жатқызды. Мұнда бір күн жатып, орын болмаған соң елге Ақтөбе қаласындағы госпитальға жіберді. Осы уақытта маған орыс досымның қайтыс болғанынан хабар келді» дейді ол.
Майдангер Ақтөбеде ауыр жарақаты жазылғанша біраз ем алады. Жамбасының ұршық сүйегіне тиген оқтың орны көпке дейін оның тік тұруына кедергі болады. Жарақаты жазылып, денсаулығы қалыпқа келген соң оған қайтадан майданға барасыңдар деген хабар тиеді. Тізімнің ішінде Зәкір Таңбаевта бар. Осылайша әскерлер майданға қайта аттанады. Бұл жолы Берлинге барады. Жолда бір стансаға тоқтағанда жеңіс туралы хабар алады. Сөйтіп 1946 жылы Зәкір Нұрманұлы елге оралады. Араға бір жыл салып теміржолға жұмысқа орналасады. Сол жылы ауылдың қызы Рахима Шайымқызына үйленіп шаңырақ көтереді. Отбасында сегіз бала тәрбиелеп өсіреді.
Теміржол саласында 32 жыл қызмет істеген уақытта көптеген алғысға бөленіп, құрмет төрінен көрінеді. Орынбор теміржол басқармасынан марапат алады.
1978 жылы дертке шалдығып, аурухана жатып, дәрігердің бақылауына алынған Зәкір ағамыз араға бір жыл салып өмірден өтеді. Майдангердің 1954 жылдан бері тұрған үйі кент орталығындағы Қазантаев тұйығы көшесінде орналасқан. Бүгінде артында қалған ұрпақтарының осы көшені соғыс және еңбек ардагері Зәкір Таңбаевтың атына берілсе деген тілегі бар.
Ерсін ӘЛІБАЙ
07 қаңтар 2024 ж. 217 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031