» » » МАЙДАНГЕР МАХАМБЕТ

МАЙДАНГЕР МАХАМБЕТ

Биыл  адамзат баласына қайғы-қасірет әкелген фашистік Германияға қарсы өткен Ұлы Отан соғысы  Кеңес әскерінің жеңіспен аяқталғанына  74 жыл.
Міне, араға жылдар түскен сайын сол бір жылдарғы 1418 күн мен түнге созылған сұм оқиға алыстап, ел есінен ұмыт болып бара жатқанымен,  жыл сайын, яғни 9-мамырда  оның жаңғырығы  дүйім елді аралап, сол сұм соғыстың салдарын қайта еске түсіреді.
Иә, 1941 жылы бейбіт өмір кешіп жатқан елімізге фашистік Германия басып кіргеннен кейін, қолына қару ұстай білетін 18 бен 50 жас аралағындағы азаматтар майданға аттанды.
Ұлы Отанды өрмекші торындай құрсаулаған фашистердің бетін қайтаруға кеңестік әскер қайсарлықпен қарсы тұрды. Әрине, олардың арасында біздің де жерлестеріміз болды.
Соғыс басталған жылдары Қазақстан экономикасы тұтастай әскери салаға ауысты. Жау қолына өткен қалалардан эвокуцияланған 380 мың кеңестік азамат қазақстандық атанды. Соғыс жылдарында елімізде 4 млн-ға жуық снаряд, 4 млн. теңіз минасы мен торпедалар жасалды. Сонымен бірге, жауға атылған әрбір 4 оқтың 3-еуі  қазақ  жерінен шыққан оның ішінде Қармақшы механикалық зауытынан дайындалған қорғасыннан құйылды. Сондай-ақ, қазақ жерінен 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 7 әскери бригада мен басқа да әскери құрамалар аттанды. Бірақ, неміс фашистеріне қарсы соғысқан қазақстандық 1,5 млн. жауынгердің  әрбірінің екіншісі ғана елге оралды. Оралды дейміз-ау бірінің – аяқ-қолы кесіліп келсе, бірі – жүрек жарасымен оралды. Сол сұрапыл соғыс жылдары Отан қорғауға киелі Қармақшы жерінен аттанған 5 мыңнан астам азаматтан тек Қуанышбай Бисенбаев атамыз  ғана бүгінгі күнге жетіп отыр.
Адамзат баласына қасірет әкелген сұм соғысқа Қармақшы жерінен аттанған 5 мыңнан астам жерлесіміздің қатарында Маханбет Үргенішбайұлы да бар еді.
Иә, Жалағаш ауданына қарасты Мәдениет ауылының тұрғын,  өткен ғасырдың отызыншы жылдары  И.Сталинніңқазақ жерінде жүргізген солақай саясатымен  жала жабудың арқасында «халық жауы» атанып, бірнеше жыл өмірін қараңғы қапаста өткізсе де мойымай, ел-жұрт алдында абыройлы өмір сүрген Үргенішбай ақсақалдың отбасында дүниеге келген Махамбет те әкесі сияқты өмірдің ащы кермегін көріп өседі.
Өсе келе алғашқы еңбек жолын Қазалыдағы коммуналдық мекемеде есепші болып бастаған ол Ұлы Отан соғысы басталған 1941 жылдың желтоқсанында Ақтөбе қаласындағы №101 атқыштар бригадасы құрамында майданға аттанады. Ұрыс даласында неміс басқыншыларына қарсы қиян-кескі ұрыстарға қатысып, жаудың бетін қайтаруға атсалысады.
Майдандағы өмірін Қалинин қаласын неміс басқыншыларынан қорғаудан бастаған жерлесіміз, кейіннен Калинин және Балтық  майдандарында Смоленск, Перм, Витевск, Балтық жағалауындағы және басқа да  одақтас республика қалаларын азат етуге қатысады. 1944 жылдың қыркүйегінде өзі қызмет еткен әскери бөлім сапында немістерге қарсы өткізген кезекті бір қанды ұрыста ауыр жарақат алып, әскери дәрігерлердің шешімімен ІІ топтағы мүгедек болып елге оралады.
Сөйтіп, үш жыл бойы майдан даласында неміс басқыншыларынан туған жерді азат етуде ерлік көрсеткен жаужүрек жауынгер соғыс жылдарындағы ерлікті істері үшін Кеңес Одағының Жоғарғы Қолбасшынан екі мәрте алған Мақтау грамотасы мен омырауына ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орден мен бірнеше медальды тағып  елге оралған соң,  «мен мүгедекпін» деп жатып алады.  Жауынгерлік қызметті бейбіт өмір азаматтығына, әскери кителді қарапайым костюмге айырбастап, аудандық партия комитетінің шешімімен Қармақшы ауданындағы дайындау мекемесінің уәкілі, май дайындау мекемесінің меңгерушісі, жұмысшылар кооперациясы мен наубайхананың директоры қызметтерін мінсіз атқарып, ел алдында абыройға кенеледі.
1943 жылы майдан даласында коммунистік партия қатарына қабылданған жауынгер енді бейбіт елдің экономикасын дамытуда білімі мен тәжірибесін арнап,  соғыстан кейінгі жылдары тұралап қалған өңірді қайта қалпына келтіруде тер төге еңбек етті.
 Білікті маман білгені мен өмірден түйгенін туған елінің өсіп-өркендеуіне, шәкіртеріне арнайды. Ел алдындағы елеулі еңбегі үшін де көптеген марапатқа ие болады. Бірнеше рет аудандық Кеңестің депутаты болып та сайланады. Ел мүддесін қорғауда аянбай еңбек етеді.
Соғыстан кейін, яғни 1946 жылы отау құрған өмірлік жары Қалбибі Пірәліқызымен өмірге 7 ұл-қыз әкеліп, олардың қоғамнан өз орнын табуына еңбек сіңіреді.
«Ажал айтып келмейді» дегендей, Әбу және Хамит есімді ұрпақтары жас кезінде өмірден озса, бүгінде қалған ұл-қызы Алла берген ғұмырларын  бақытты сүруде.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.
23 сәуір 2019 ж. 1 148 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 069

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031