» » АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 73 жыл толып отыр. Адамзат баласына қайғы-қасірет әкелген осы зұлмат соғысқа ауданымыздан 5 мыңға жуық азамат қатысып, оның жартысынан астамы майдан даласында мәңгілікке мекен тапты. Жартысы хабарсыз кетті, ал енді бірі елге оралып, ұрпақтарымен бірге бақытты ғұмыр кешуде. «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы К.Көбекова, партия филиалының сарапшысы Ж.Мұханбетқалиев, Қоғамдық келісім КММ–нің этносаралық қатынастар жөніндегі Қармақшы ауданы бойынша сарапшысы Н. Айтбаева, «Теміржол» БПҰ төрағасы, «Жас Отан» ЖҚ жетекшісі А Скендиров пен партия белсенділері Ұлы Отан соғысы ардагері 92 жасты алқымдаған Қуанышбай Бисенбаевтың отбасында болып, құрмет көрсетті.
«Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы К.Көбекова ауданда Елбасының қамқорлығымен өңір тұрғындарының әлеуетін арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Партия белсенділері Ж.Мұханбетқалиев, А.Скендиров, Н.Айтбаевалар майдангерге сұрапыл жылдардағы өмірі мен бейбіт кездердегі өмірі жайлы естеліктерін айтып беруін сұрады. Өз кезегінде Қуанышбай қария Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан даласындағы өткізген отты күндер мен бейбіт жылдардағы өнегелі өмір жолдарынан естеліктер айтып, ауданда атқарылып жатқан игі істерге ризашылығын білдірдіп, ақ батасын берді.
04 мамыр 2018 ж. 1 551 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 257
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 137

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031