» » ӘБЕН НИЕТБАЕВ КӨШЕСІ

ӘБЕН НИЕТБАЕВ КӨШЕСІ

1994 жылдың 10-ақпанында сол жылдары аудан әкімі қызметін атқарған Жақай Бодықбаевтың барлық елді мекен мен Жосалы кентіндегі көшелер ата­уын заман талабына сай өзгерту мақсатындағы №38 шешімімен бұған дейін тұрғындармен  аталып келген Больничная көшесі  өткен ғасырдың отызыншы жылдарында елімізде өткен қуғын-сүргін құрбаны Әбен Ниетбаев болып өзгертілді.

Әбен Ниетбайұлы 1912 жылы Қармақшы ауданынына қарасты Қызылтам елді мекенінде шаруа отбасында дүниеге келген. Өзі туып-өскен ауылдағы орта мектепте білім алып, арнайы мұғалімдік оқуды бітірген соң ол аудан орталығындағы №26 орта мектепте ұстаздық қызмет атқарып,  шәкірт тәрбиелейді. Белсенді жас содан кейінгі жылдарда ауданда комсомол комитетінің ІІ хатшысы қызметін атқарып, өңір жастарын білім мен еңбекке баулып, олардың ел қоғамының дамуына атсалысуына еңбек сіңіреді.
Бірақ, кейбір шолақ белсенділердің жаласымен 1937 жылы «Халық жауы» деп танылып, аудандық соттың шешімімен 10 жылға түрмеге қамалады. Петропавл қаласындағы халық жауларына арналған түрмеде даңғайыр ақын Тұрмағамбет Ізтілеуов, ақын Әбзәли Егізбаевпен бірге жазасын өтейді.  Десе де, «аққа қара жұқпас» дегендей, 1941 жылы ақталып шыққан жерлесіміз өз еркімен фашистік Германия мен Кеңес Одағы арасында өткен  Ұлы Отан соғысына  аттанады. Майданда  кеңестік әскер маршалдары И.Конев пен К.Рокосовский және армия генералы Черняховский  басқарған ІІ және ІІІ Беларус майданында  Германия әскерін туған жерден азат етуге қатысады.  Майданда барлаушы болған ол көптеген неміс жендеттерін тұтқындап, басшылық тарапынан марапаттарға ие болады. Оның ішінде,  Шығыс Пруссияның Кеннисберг қаласы маңында өткен қанды ұрыстағы ерлігі  үшін «Қызыл Жұлдыз» және ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденіне, сондай-ақ «Кеннисбергті азат еткені үшін» медаліне ие болады.
Соғыстан кейінгі бейбіт жылдарда майдангер елімізде халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру жұмысына белсене араласып, ел дамуына үлесін қосады. Білікті маман 1946-1957   жылдары  Ворошилов, Каганович, Чапаев ұжымшарларында төраға, 1957-1963 жылдары аудандық тұтынушылар комбинаты мен  қарьер бастығы,  аудандық тұтынушылар одағына қарасты «Ленин» атындағы  жұмысшылар  кооперативінің төрағасы қызметтерін абыроймен атқарып, ел құрметіне бөленді.
Әбен Ниетбаев ел алдындағы елеулі еңбектері үшін ҚазКСР Жоғары Кеңесінің құрмет грамотасы мен басқа да мадақтамалар иегері атанды.
Әбен Ниетбаев 1973 жылы  61 жасында өмірден озды.
29 қараша 2018 ж. 1 366 1

JeaCold от 12 ақпан 2019 00:59
Cheap Tretinoin Without Prescription Ampicillin For Dogs Overnight Delivery cialis price Vente Kamagra Pharmacie

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 250

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 351

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930