» » » Ә.Қайнарбаев көшесі

Ә.Қайнарбаев көшесі

Аудан әкімі Жақай Бодықбаев­тың 1992 жылдың 5-наурызындағы Жосалы кенті мен Қармақшы ауданының барлық елді мекеніндегі көше атауларын өзгерту мақсатындағы №14 шешімімен Жосалы кентіндегі Қызылорда көшесі шежіреші-этнограф Әлқуат Қайнарбаев көшесі болып өзгертілді.
Әлқуат Қайнарбаев көшесінде «Қармақшы ата» мешіті, автокөлік жөндеу шеберханасы мен бірнеше сауда дүкені кент тұрғындарына қызмет көрсетеді.
Әлқуат Қайнарбаев – 1898 жылы Қазалы ауданына қарасты Кеңтүп ауылында өмірге келген. Бала кезінен білімге, ақын-жыраулардың шығармаларына құштар болып өскен ол өзі туып-өскен ауылда діни сауат ашып, елімізде Кеңестік Үкімет орнаған соң 1918-1921 жылдары оқытушылар даярлайтын өлкелік мектепте білімін жетілдіреді.
1918-1922 жылдары халық ағарту саласында, құқық органдарында және сауда саласында, шаруалардың ұжымдық ұйымы «Қосшы» одағында түрлі лауазымды қызмет атқарады.
Сондай-ақ, Әлқуат Қошалақұлы Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс аудандық оқу бөлімінің инспекторы, бөлім меңгерушісі, Қармақшы аудандық тұтынушылар одағында инспектор, сонымен бірге аудандық сельпо, дайындау мекемесі мен мейрамхана директоры қызметтерін абыройлы атқарады. Ел алдындағы елеуі еңбегімен құрметке бөленген білікті маман кейінгі жылдарда учаскелік соттың хатшысы, ТОЗ төрағасы, бірнеше ауылдық кеңестік төрағасы, аудандық партия комитетінің бірыңғай партиялық есеп секторының меңгерушісі қызметін де мінсіз атқарған
Сыр бойындағы жыр керуенінің басынан көрінген Шегебай Бектасұлы, Балқы Базар, Ешнияз сал, Жиенбай мен Омардың, сонымен бірге Тұрмағамбет Ізтілеуовтың «Мәрдідихан», Қарасақал Ерімбеттің «Ақтан Сақаба» және басқа да жыр жүйріктерінің шығармаларын жаттап, оны халық арасында насихаттауда көп еңбек сіңіреді.
Ал, 1920 жылдан бастап Әлқуат Қайнарбаев Қармақшы, Жалағаш, Қазалы, Арал өңірінде өмір сүрген ақын-жазушылар мен жыраулардың жыр-дастан, терме, өлең, айтыстар мен мақал-мәтелдерін жинақтап, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының қолжазбалар қорына тапсырады.
Сондай-ақ, Әлқуат Қайнарбаевтың еселі еңбегімен жинақталған Сыр шайырларының құнды шығармалары «Пернедегі термелер», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Үш ғасыр жырлайды», «Бес ғасыр жырлайды», «Айтыс» жинақтарына енгізілді.
18 тамыз 2018 ж. 1 936 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031