» » » ҚАСҚЫР НАМЕТША КӨШЕСІ

ҚАСҚЫР НАМЕТША КӨШЕСІ

1997 жылы аудан әкімі қызметін атқарған Бекмырза Еламанов Жосалы кенті мен өңірдегі барлық елді мекендегі көше атауларын заман талабына сай өзгеру мақсатындағы іс-шара жоспарына сай  сол жылдың 29-шілдесіндегі №475 шешімімен балдақ көшесі Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері  Қасқыр Наметша болып өзгерді.
Қасқыр Наметша 1917 жылы Қуаңдария ауылында дүниеге келіп, сол ауылдағы мектепті тәмамдаған соң, Шымкент қаласындағы  маман кадрларды даярлайтын мектепте білімін жетілдірген.
Содан соң  Шымкент қаласы мен Өзбекстанда  түрлі партиялық қызметтерде болып,  ел  экономикасының дамуына сүбелі үлесін қосқан. Сонымен қатар, 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп жүрген кезінде КСРО мен Финляндия арасында өткен соғысқа және 1941-1945 жылдары неміс фашистеріне қарсы жүргізілген Ұлы Отан соғысына және 1945 жылы жапон милитаристеріне қарсы соғысқа  қатысып, неміс басқыншылары мен жапон самурайларынан елді азат етуге атсалысты.  Отан қорғаудағы ерлігі үшін бірнеше орден-медальмен марапатталды. Ал, соғыс біткен соң фашизмнен азат етілген Кеңес одағы қалаларын, сонымен қатар елге оралған соң ауданда халық шаруашылығын қайта қалпына келтіруде аянбай еңбек етті. Ел алдындағы елеулі еңбегі еленіп,  аудандық май зауытының директоры,  қазіргі Алдашбай ахун ауылының төрағасы,  сондай-ақ аудандық партия комитетінің хатшысы қызметтерін  атқарды. 1957-1960 жылдары Ленин кеңшары, қазіргі Тұрмағамбет ауылында жұмысшылар комитетінің төрағасы, содан кейінгі жылдарда Октябрь кеңшары (Иіркөл ауылы) директорының орынбасары, ал 1963-1980 жылға,  яғни құрметті зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін ау­дан­дық астық қабылдау кәсіпорнында директор қызметін атқарып, КСРО және ҚазССР-дің көптеген марапатын алды. 1970 жылы есімі Қазақстанның «Алтын кітабына» енді.  Сонымен бірге, 1997 жылы «Қармақшы ауданының Құрметті азаматы» атағына ие болды.
Ұлы Отан соғысы мен бейбіт кезеңдегі ерлікті істері үшін ол «Ұлы Отан соғысы», «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет» ордендері мен «Мәскеуді қорғағаны үшін», «Кеннисберг қаласын азат еткені үшін» және басқа да мемлекеттік медальдардың, сондай-ақ «Қазақстанның ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісінің иегері атанды.
Аудандық астық қабылдау мекемесінде басшылық қызмет атқарып жүрген кезінде Қасқыр Наметша мекеме қызметкерлерінің тұрмыс-тіршілігін нығайту арқылы еңбек өнімділігін арттыру мақсатында мекеме есебінен қазіргі Сейтжан ақын және Тұрмағамбет көшелерінен монша, дүкен, сонымен қатар мекеме қызметкерлеріне арнап тұрғын үйлер мен балабақша салуға мұрындық болды.
23 қараша 2018 ж. 1 878 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031