» » Жеңіс туын желбіреткен

Жеңіс туын желбіреткен

Қаншама адамның өмірін жалмаған Ұлы Отан соғысының аяқталғанына, жеңіс жалауының желбірегеніне биыл – 76 жыл. Келешек жас ұрпақтың шат-шадыман бейбіт заманда өмір сүріп отырғаны сол бір жылдары ерен ерлік көрсеткен батыр жандардың арқасы екені сөзсіз. Соғыс деген сұрапыл шайқастың алаңында «Отан қорғау» деген ұлы ұғымды жүрегіне сақтап, ерлік көрсеткен ата-әжелерімізді кейінгі ұрпаққа таныту парызымыз. Ұлы жеңістің оңайлықпен келмегені баршаға ақиқат. Сол бір майданда «Отан үшін күрес» деп ұрандатқан аталарымыз баршылық. Солардың бірі – Кенжебек Мұнарбаев.
Кенжебек атамыз 1919 жылы 10 мамырда бұрынғы Чапаев ұжшарында кедей шаруа жанұясында дүниеге келген. Жас кезінде әуелі ауыл молдасынан «төте оқу» деп аталатын оқуды оқып, хат танып, 1929 жылдың 1 ақпанына дейін сол ұжшарда жұмыс істеген.
1940 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, №477 атқыштар полкінде қызмет еткен. Соғысқа дейін Гомель қаласында әскери қызметте болып, Отан алдындағы борышын өтеп жүргенде ананы жесір, баланы жетім еткен сұрапыл соғыс басталған.
1941 жылы соғысты Польша шекарасында қарсы алған жауынгер атамыз станокты пулеметтен оқ атушының көмекшісі болады. Сол бір сұрапыл кезеңдерде от кешіп, мұз жастанып жүріп от пен оқтың ортасында жан беріп, жан алысып жаумен шайқасқан. 1942 жылдың тамызында тұтқындалып, 1945 жылы сәуір айында Прага көтерілісіне қатысып, тұтқыннан босатылады. Праганы неміс басқыншыларынан тазартып, Кеңес әскерін күтіп алған. Қандай бір қанды қырғын болғанымен халқымыздың «Ажалсыз өлмейді» деген ұлы қағидасына байланысты Кенжебек атамыз Ұлы Отан соғысының жеңісін сонау Прага қаласында үлкен салтанатпен қарсы алған жауынгер.
Кенжебек Мұнарбаев өте сыпайы, лепірме, көпірме сөзге жоқ, мақтану, көтеріп айтуды білмейтін кісі болған. Көзін көргендер «аға соғысты қай жерде аяқтадыңыз» деп сұрағандарға соғыста талай қиындықты көргенін айтқан. «Ол кезде кейбір жауынгерлер соғысқа шыдас бермей, өз-өзіне қол жұмсап, аяғын немесе қолын окоптан шығарып көтеріп, жарақат алып госпитальға түсіп жатқан опасыздарды көрдім. Сол кезде соғыста политрук деген болды. Олар үлкен ұрыс алдында қатардағы жауынгерлерді жинап, оларға қазақ немесе орыс тілінде ақыл, күш жігер беретін сөздерді тауып айтып, үнемі қуаттандырып отыратын еді. Сол уақытта қазақтың біртуар ұлы Бауыржанның аты шыға бастаған кез. Оның «Өзің мерт болғаннан гөрі кімді де болса өлтіру қиынырақ» деген сөзі менің есімде мәңгіге қалды» деп айтып отырған.
1945 жылдың шілдесінен 1946 жылдың мамыр айына дейін Чехословакия республикасындағы әскер қатарында қызмет атқарған. Соғыстан кейін елге оралып, ауылда колхозшы болып жұмыс істеген. 1952 жылы Қызылорда қаласындағы 6 айлық тракторшылар курсын оқып бітіріп шығады. Араға бір жыл салып «Ақжар» МТС-да тракторшы болады. 1956 жылы бір көзінен айырылып, үшінші топтағы еңбек мүгедегі болып, мотористік жұмысқа ауысады.
1970 жылы Чапаев атындағы ұжшарға көшіп келіп, моторист жұмысын жалғастырады. 1986 жылға дейін №4 егіс бригадасында күріш, бақша еккен. 1981 жылы «Еңбек ардагері» медалымен, «Отан соғысы» орденінің екінші дәрежесімен және «КСРО Қарулы күштеріне – 70 жыл» медалымен және басқа жауынгерлік медальдармен наградталған. Кенжебек атамыз Құдай қосқан қосағы Күлпан апамызбен алты бала тәрбиелеп өсіріп, осы ауылдың өсіп өркендеуіне, әлеуметтік экономикасының әрі қарай дамуына өзіндік үлестерін қосқан. Көзі тірісінде қарапайым мінезімен, көптің ыстық ықыласына бөленген, адал еңбегімен абырой жинаған, қашанда қарапайымдылығы мен еңбеккештігінің арқасында ел есінде қалды.

Ерсін СӘДУҰЛЫ


17 тамыз 2021 ж. 523 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031