» » » Ердің ерлігін елі ұмытпайды

Ердің ерлігін елі ұмытпайды

Қан майдан. Сұрапыл соғыс. Қыршыннан қиылған тағдырлар. Бұл – тарих парақтарындағы қасіретті бет қана емес, бұл халықтың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр-қайратының айқын дәлелі. Биыл Ұлы Отан соғысы­ның аяқталғанына – 75 жыл. Кеңес Одағының 27 миллиондай адамын жалмаған сұрапылда Қазақстаннан да қаншама жауынгер жауға қарсы жан аямай шайқасты. Батырлық – адамға тән патриоттық қасиет. Сондай жанның бірі – Білісбай Сүлейменов Әубәкірұлы.
Өмірдің соқпағына сынбай, теперішіне төтеп берген қайсар ұлдың өмір жолы өнегеге толы. Ол 1925 жылы 25 желтоқсан күні қәзіргі Дүр Оңғар ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Бұрынғы «Қызыл әскер» ұжшарында «Бозарқаш» мектебін бітірген. 1943 жылы әскерге шақырылып, Забайкал әскери округінде болады. Байкал бойы нөмері 1036 әскері 9-шы атқыштар полкінің барлаушысы 1945 жылдың тамыз айына дейін әскери өнерге жаттығып, Маньчжурия жерінде соғысқа қатысады. Соғыстағы ерлігі бағаланып «Жапония милитаристерін жеңгені үшін» медалімен, 1985 жылы Жеңістің 40 жылдығына орай ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденінің иегері атанды. Сондай-ақ КСРО маршалы Г.Жуковтің, Ұлы Отан соғысының 20,30,40,50 жылдық медальдарымен мадақталды. Әскерден елге келген соң Жалағаш ауданында, Қармақшы ауылы, Қуаңдария, Т.Көмекбаев ауылдарында  зоотехник, ферма меңгерушісі секілді қызметтерді абыроймен атқарады. Көз тірісінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің Отан алдындағы ерліктері туралы өскелең ұрпаққа айтудан жалыққан емес. Каз КСРО Ауылшаруашылығы министрлігінің құрмет грамотасы, алғыс хаттарымен, «Еңбек ері» төсбелгісімен марапатталды.
  Атамыз ерен еңбегімен Отан алдындағы қасиетті борышын өтеді. Еліміздің тыныштығы үшін көрсеткен қайсарлығы мен ерге тән батырлығы ұрпақтарының жадынан өшпек емес, дейді ардагердің немересі Ринат Сүлейменов.
Зайыбы Қаншагүлмен  отбасында 6 бала тәрбиелеп өсіріп, олардан 12 немере сүйіп өмірден өткен майдангер артына өшпес із қалдыра білді. Ерінің ерлігін елі ұмытпайды...

Айнұр ӘЛИ
12 ақпан 2020 ж. 1 510 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031