» » Ерлік ешқашан ұмытылмайды

Ерлік ешқашан ұмытылмайды

Жер жаһанды дүр сілкінткен соғыстың аяқталғанына биыл – 76 жыл. Елімізге зор ауыртпалықтар әкелген Ұлы Отан соғысының зардабы тимеген шаңырақ жоқ десе де болады. Зұлмат соғыста қазақ халқы талай боздақтан айырылды. Батырларымыз қан майданда толарсақтан саз кешіп, жанкешті қаһармандығымен ерлік көрсете білді. Олардың жасаған ерліктері мен өнегелі істерін жас ұрпаққа жеткізу – басты парызымыз.
Біз аудандық оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі «Есте сақтаймыз! Жылдар, ғасыр бойы ұмытпаймыз!» жобасын қолға алған болатынбыз. Жобаның мақсаты – Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлерді еске алу, олардың ерлік істерін оқырмандарға таныстыру.
Бүгін Ұлы Отан соғысына қатысқан, ешқандай кітапқа суреті, ерліктері жарияланбаған Шмәділ Балмағамбетов туралы деректерді назарларыңызға ұсынамыз. Мәліметтер қызы Мархабат Шмәділқызынан алынды.
Ш.Балмағамбетов 1917 жылы Иіркөл ауылында орта шаруа жанұясында (Бұрынғы Калинин бөлімшесінде) дүниеге келген. 1938 жылы әскер қатарына алынып, Кеңес Фин соғысына қатысады. Елге 3 жылдан кейін келген. Ауылға аман оралып Күлпәш Бозанқызымен отау құра бастағанда соғыс басталып, екі ағасы Спандияр мен Сәруар үшеуі соғысқа шақырылады. Сөйтіп 1942 жылы аудандық әскери комиссариаттан соғысқа аттанған. Беларуссия халықтарын фашист басқыншыларынан азат етуге, Псков облысындағы Великие Луки қаласын жаудан азат ету шайқасына қатысқан.
Шмәділ Балмағамбетов «1941-1945 жж Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Ұлы Отан соғысындағы айбынды ерлігі үшін» медалімен, Ұлы Отан соғысының І дәрежелі орденімен марапатталған.
«Ұлы Жеңістің 20, 30, 40 жылдығы», «КСРО Қарулы Күштерінің 60, 70 жылдығы» мерекелік медальдарымен мадақталған.
Жары Күлпәш Бозанқызы отағасы майданда жүргенде 1942-1944 жылдары Қарағандыға жұмысқа әкетіліп, оқ дәрі шығаратын зауытта еңбек еткен.
Шмәділ Балмағамбетов 1944 жылдың аяғында жараланып госпитальға түскен. 2 топ мүгедегі. «Оқ аяғына тиіп, аяғын кес­пек болған. Сонда әкем келіспейтіндігін айтқанда дәрігерлер ота жасап аяғын сақтап қалған екен. Кейін сол дәрігер әкеме хат жазып денсаулығын сұрап тұрған» дейді қызы Мархабат Балмағамбетова.
Шмәділ әкеміз 1945 жылы соғыстан келген соң ауылда жұмыс таңдамай араласып, қиындықтан қашпаған. Мал шаруашылығына араласып, қойма меңгерушісінің көмекшісі болып жұмыс істейді. Қой бағып, егін егіп басқа да еңбектерге араласқан. «Әкемнің соғыстағы ерлігін айтпағанда, елге аман келгеннен кейін мойнына түскен ауыр жүгі де аз болмаған. Екі ағасы мен апасының күйеуі (жездесі) де соғыстан оралмады. Солай ағасының, әпкесінің балаларын асырап қатарға қосты» дейді қызы Мархабат.
Шмәділ аға жары Күлпәшпен 9 бала тәрбиелеп өсірген. Қазіргі таңда олардан 25 немере, 41 шөбересі бар. Ол 1988 жылы дүниеден өткен.

Лэйла СЫЗДЫҚОВА,
аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету
бөлімінің меңгерушісі
15 мамыр 2021 ж. 1 409 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031