» » Естен кетпес отты жылдар

Естен кетпес отты жылдар

ЖОСАЛЫ, 13 ақпан – qarmaqshy-tany.kz Соғыс. Естіген құлаққа салмағы ауыр, ызғары қатты бұл сөздің дүние жүзіне әкелген қасіреті қаншама. Бейбіт елдің берекесін қашырып, ынтымағын ойсыратқан да осы – соғыс. Кезінде ата-бабаларымыз жоңғарлармен жаға жыртысып жер үшін қан төккен. Тіпті арыға бармай-ақ кешегі ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парағына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көз жетеді.
  ХХ ғасырдың алапаты Кеңес Одағының тарихындағы Ұлы Отан соғысы 1941 жылы 22 маусымда Германия әскерінің тұтқиылдан шабуыл жасауы – ұйқыда жатқан Кеңес Одағын дүрсілкіндірді. Германияның «Барбаросса» деп аталатын жаулап алу жоспары КСРО-ны тығырыққа тіреді. Ол уақытындағы алып одақты алты, сегіз аптада жаулап алуды жоспарлаған. Бұл соғыс Германия тарапынан әділетсіз, агрессиялық соғыс болды. Кеңес елінің тарихында «Ұлы Отан» соғысы деп аталды. Фашизм – дүние жүзіне үстемдік орнатуға тырысқан әділетсіздік топ. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы құрамындағы халықтар үшін басына түскен сын кезең болды. Қазақстаннан әр ұлт өкілдері Ұлы Отан соғысына қатысты. Бұл соғыс кезінде әрбір бесінші қазақ жігіті қолына қару алып бір кісідей майданға аттанып Отан анасын қорғауға атсалысты. Қаншама қазақ баласы ұрыс даласында қаза тапты. Жеңіс бізге миллиондаған адамның төгілген қанымен келді. Соғыс салған қасірет әрбір жанұяның тарихында із қалдырды.
    Қалай болса да, КСРО халықтарының орасан зор құрбандары – Ұлы Отан соғысының қаншалықты қанқұйлы болғанын дәлелдейді. Оны соғыстың ұзақ жылға жалғасқаны, майдан шебінің екі мың шақырымға созылып, алдымен батыстан шығысқа, содан соң кері бағытта жүргені де көрсетеді. Сондай-ақ, жау Екінші дүниежүзілік соғыстың барлық майданын қоса алғанда, бізге қарсы бірнеше есе күш жұмсағаны да соның дәлелі болса керек. Гитлер нақты біздің майданда өзінің дербес құрамдарының үштен бірін жоғалтты және сондай көлемде қаруы мен әскери техникасынан айырылды.
     Осы бір даңқты Жеңіс күні тарихқа неғұрлым терең еніп, алыстаған сайын ұлылығы мен мән-мағынасы сонша артпақ. Соғыс зардабын, қайғы мен қасіретін, жан жарасын ешкімде ұмыта алмайды. Жыл өткен сайын «соғыстың аяқталғанына пәлен жыл» дегенге құлағымыз үйреніп кеткендей еді, енді міне «соғыстың соңғы солдаты» дегенді үйретті. Бүгінде соғысты көргендердің қатары да қалмады. Дереккөзге сүйенсек майданға алынған 1 млн 300 мың қазақстандықтың арасында Қармақшы топырағынан 5 мыңнан асатын боздақ аттанған.
     Адамзат тарихындағы соғыстың аяқталғанына биыл 75 жыл толмақ. Бірақ осыншама уақыт өтсе де соғыс ұмытылмастай қасіретін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Аға, әпкелеріміздің батырлығы мен жанқиярлығы, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншілігі Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, елге деген сүйіспеншілік қатал соғыста жеңіске жеткізді. 1941-1945 жылдар аралығындағы сол бір тарихи қиын күндердің естелігі қазір теледидар мен кітап беттерінде қалды.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
13 ақпан 2020 ж. 1 191 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 028

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031