» » Әмір Темір және Курск шайқасы

Әмір Темір және Курск шайқасы

Сталинді қанша жерден коммунист, атеист десек те оның да пенде, пенде болғанда да іштей бір тылсым күшке, бір құдайға, тәңір мен әруақ иесіне сенген адам болғанын жоққа шығаруға болмайды. 1943 жылы Ұлы Отан соғысы тарихында Курск доғасы деген атаумен қалған қиян-кескі шайқас жүріп жатқан кезде Сталинге тағы бір ой келеді. Бұл шайқасқа да ол Ұлы Қолбасшы Әмір Темірдің күшін пайдалануға бел буады. Қалай дейсіздер ғой. Тағы да әруаққа құрмет көрсету, оның рухынан жігер алу. Бұл жолы Сталин қазынадан бір миллион рубль ақша бөлгізіп, тағы бір ғылыми экспедицияны Самарқанға аттандырады. Тек бұл жолы қабір қаздыруға емес, сол бұрын өзі қабір қаздыру кезінде бұздырған кесенелердің ескерткіштері мен құлпытастарын қайта қалпына келтіру үшін. Ол кезде бір миллион дегенің орасан зор ақша. Оның үстіне соғыс жүріп жатыр, халық аш-жалаңаш, соғыс техникалары мен оқ-дәрі жасауға да қаражат керек. Бірақ, Сталиннің аты Сталин. Оның табан астында қандай шешімге баратынын ешкім болжап білмеген. Гүр Әмір кесенесі толық жөндеуден өткеннен кейін Курск доғасындағы шайқас та Кеңес әскерінің жеңісімен аяқталады. Кеңес одағын билеген қатал Сталиннің Ұлы Отан соғысы кезінде жасаған осындай әрекеттері Ұлы Жеңістің 60 жылдығы қарсаңында Ресейдің НТВ телеарнасы арқылы «Темірдің қарғысы» атты деректі фильмінде де көрсетілді. Онда оқиғаға себепкер болған М.Каюмов болған жайды өзі әңгімелейді. 
Иә, қатыгез Сталин Әмір Темірдің кім екенін кеш болса да түсінген. Әруақты ердің әруағынан қорыққан. Кейін өзі де уақыт өте келе Ленин жатқан қызыл мазардағы табытқа қатар жататынын білген болар… Бірақ, көп ұзамай өзінің астамшылдығы үшін әруағы қозғалып, басқа жердің топырағын құшатыны, талай адамның жазықсыз қанын төккені үшін атақ-даңқы мен абыройдан біржола айрылары мың ұйықтаса түсіне кірмеген шығар… 

Соңғы сөз орнына 

Ұлы Отан соғысы Ұлы Жеңіспен аяқ­талғаннан кейін Сталин Әмір Темір мен оның ұрпақтарының әруақтарын қозғамапты. Санкт-Петрбургтегі атақты Эрмитажда темуридтер көрмесін өткізуге де тыйым салған. Эрмитажға Герасимов жасаған Әмір Темірдің мүсіні мен ұлы жаһангердің Тоқтамыс ханды жеңдім деп жазып қалдырған көк тасын ғана қойдырған. С.Айни да әйгілі жазушы-тарихшы атанғанымен ұлы әмірші туралы тарихи роман жазуға батылы бармапты. Бірақ, Кеңес өкіметі С.Айни, М. Герасимов, А. Семенов, Т. Кары-Ниязов және басқа тарихшы ғалымдардың барлығын да мемлекеттік марапаттаулардан кенде қалдырған жоқ. Олардың бәрі де академик атанып, еңбектері жоғары бағаланды. Ал, Мәлік Каюмов болса Ұлы Отан соғысының басынан аяғына дейін қатысып, ерлік шежірелерін кинотаспаға түсіргені үшін Кеңес Одағының Батыры атанды. 1945 жылы Мәскеуде өткен Жеңіс парадында болып, оны да тарих шежіресіне қалдыруға өзінің үлесін қосты. Кеңес Одағының Халық артисі деген атаққа да ие болды. 
Әрине, әруақты қозғау ешқандай марапаттармен өлшенбесі анық. Әр нәрсені тарих пен уақыт қана өз орнына қояды. Әруақты ердің үлкен-кішісі жоқ. Әлі ойланар, қолға алар нәрселер баршылық. Атамекенімізді қорғау жолында өзінің ерлігімен, көрегенді билігімен қазақтың құрметіне бөленген Кенесары ханның да қабіріне түсіп, бас сүйегін Мәскеуге жөнелткендердің де марапаттан құр қалмағандары анық. Әттең жоқтаушылары аз болды ма, ардақты ханымыздың, ел үшін аттан түспеген батыр қолбасшымыздың бас сүйегі туған жеріне әлі оралған жоқ. 
Елі үшін күрескен асыл ердің әруағына өз атамекенінің топырағын бұйыртса, өліміз тіріліп, өшкеніміз жанар еді. Кейбір шатқаяқтаған тірлігіміздің оңынан басып, рухымыздың көтеріле түсуіне сауабы тиер еді… 

Сәдуақас ЖҰБАТОВ, 
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
11 мамыр 2018 ж. 2 377 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 998

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031