» » Жоғалған картиналардың қайта оралуы

Жоғалған картиналардың қайта оралуы

Жоғалған картиналардың қайта оралуы
Ұрланған өнер туындыларын табу жолында із кесушілер қанша күш-жігер жұмсағанымен, 28 жыл бұрын жоғалған Рембрандтың екі картинасы Бостондағы Изабелла Стюарт Гарднер мұражайына қайтып келген жоқ. Осы олқылықтың орнын толтыруға талпынған Cuseum тобының мүшелері Hacking the Heist қосымшасын ұсынды.
Мұражайға келген адам телефонына осы қосымшаны орнатып, гаджет камерасын қабырғада әлі күнге дейін орны үңірейіп тұрған бос рамаға жақындатса Рембрандт туындылары қайта пайда болады.
Әзірге бұл бағдарлама «Қара киімдегі ер мен әйел» және «Галилей теңізіндегі дауыл» атты картиналарды ғана көру мүмкіндігін береді. Алдағы уақытта өзге де ұрланған өнер жауһарларын қосу жоспарланып отыр. Олардың қатарында 30 жылға жуық уақыт бұрын қолды болған Эдгар Дега мен Эдуард Мане жұмыстары және Вермеердің «Концерті» бар. Сол кезде жоқ болып кеткен 13  туындының жалпы құны қазір 500 миллион долларды құрайды.
«Бүгінгі таңда Гарднер мұражайына келушілер бос рамалар орнында бұрын ұрланған суреттердің болғанын білмейді», - дейді Cuseum тобының негізін қалаушы Брендан Сико .
Гарднер мұражайы картиналарды іздеуді тоқтатқан емес және тонаушылар туралы немесе кенептің орналасқан жері туралы ақпарат үшін 10 миллион доллар сыйақы ұсынады.
31 наурыз 2018 ж. 1 297 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (10392)

05 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 598
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930