» » «ҚАЗПОШТА» ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ

«ҚАЗПОШТА» ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ

«Қазпошта» алдағы уақытта шалғай ауылдарға хат-хабарды дронмен жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы орталық ком­муникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов мәлімдеді.
Басқарма төрағасының айтуынша, көршілес Қытай мен Ресейде және Еуропада электронды коммерция саласы қарқынды түрде дамып келеді. Сондықтан да көршілес мемлекеттерден үлгі алып, жұмысты жандандыра түсу керек. Оның үстіне электронды коммерция саласын дамыту бойынша Қазақстан өте тиімді аумақта орналасқан.
– Қазір электронды коммерция нарығы үшін сәлемдемені жеткізу мерзімі өте маңызды болып отыр. Яғни, бұрын­дары тұтынушы тапсырысты 30-40 күн күте алатын болса, қазір ешкім сарылып хат-хабар күтпейді. Біздің қытайлық серіктестеріміз жеткізу мерзімін 10 күнге дейін, тіпті 5 күнге дейін қысқарту қажет­тігін айтып жүр. Осы орайда Қазақстан арқылы өтетін транзиттік жол қытайлық серіктестер үшін де, еуропалық серік­тестер үшін де тиімді болмақ. Менің ойымша, қыруар табыс табуға мүмкіндік беретін электронды коммерция саласын жаңа мұнай түрі деп те атауға болады. Мысалы, жыл сайын Қытайдан Еуропаға 250 миллион сәлемдеме жіберіледі. Еуропадан Қытайға 800 миллион сәлемдеме жолданады. Бұл – өте үлкен көр­сеткіш және қыруар қаражат. Бұл нарық­тың көлемі миллиардтаған долларды құрайды және оны жаңа мұнай түрі деп атауға болады. Қазақстан бұл бағытта табыс табуға шындап кірісуі қажет, – дейді «Қазпошта» басшысы.
Сәкен Сәрсеновтың айтуынша, қазіргі таңда бондық қоймалар құру жоспарланып отыр. Нақтырақ айтсақ, Еуропа мен Қытай арасындағы тауарлар Қазақстанда сақталады және тапсырыс берілген тауар­лар Еуропа мен Қытайға Қазақстаннан жөнелтіледі. Осы тәсіл арқылы жеткізу мерзімі мен шығындарды қысқартып, тауар құнын азайтуға мүмкіндік бар.
– 2017 жылы компанияның жалпы кірісі 49,2 млрд теңгені құрады. 2016 жылмен салыстырғанда кіріс 18 пайыз артты. Еңбек өнімділігі 25 пайызға өсті. Электрондық сауданың және цифрлы технологияның дамуы, сондай-ақ нарықтағы бәсекелестіктің жоғарылауы поштаның жұмыс істеуін түбегейлі өзгертті. 2017 жылы біз 138 млн газет-журнал жеткіздік. Былтыр 17 миллионнан астам сәлемдеме жеткізілсе, олардың
11 миллионы – халықаралық сәлемдеме­лер. Қазақстан бойынша сәлемдемелерді жеткізу мерзімі 16 күннен 6 күнге дейін қысқарды. Сонымен қатар сәлемдемелер күнделікті жеткізілетін бағыттардың саны 35-ке дейін өсті. Биыл тағы 15 бағытты қосамыз. Шетелден келетін сәлем­демелердің жеткізілу мерзімі 45 күннен
18 күнге дейін қысқартылды, – деді ол .
Сәкен Сәрсенов 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «Қазпошта» АҚ 9 мың қызметкері 9 пайыздан жоғары ең­бекақы алатынын айтты. Бұдан бөлек ол ком­панияда ынталандыру бағдарламасы жұмыс істейтінін тілге тиек етті. Мысалы, ай сайын қызметкердің еңбек көрсет­кішіне сәйкес, қосымша ақы төленеді.
Серік ЖОЛДАСБАЙ
14 наурыз 2018 ж. 1 303 1

JeaCold от 12 наурыз 2019 05:11
Ciao Is 10 Mg Online Forum Priligy 2012 Generic Viagra Pills To Buy In Usa viagra Viagra Et Consequences

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031