» » АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР –

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР –

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында сандық жүйе мен IT технологияның ел экономикасындағы алатын орнын нақтылап берді. Атап айтқанда сандық технологияның білім, өнеркәсіп, құрылыс, қызмет көрсету және тағы да басқа салаларға көптеп енгізілуі, Жолдауда айтылған төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу - жетістікке жету жолына жасалған алғашқы қадам деп есептеймін.
Сандық технологияның өмірімізге дендеп еніп келе жатқанын өзіміз де күнделікті өмірде кездестіріп жүрміз. Бүгінгі күнде күнделікті қолданыста пайдаланып жүрген телефондар (смартфон) мен компьютерлер арқылы түрлі бағыттағы қызметтерді алу мүмкіндігі жүзеге асырылып келеді. Мысал ретінде айтар болсақ, аталған смартфондар арқылы мемлекеттік қызметтерді, басқа қалалар немесе шет мемлекеттерден түрлі тауарларды алуға, қаржы төлемдерін жасауға, әуе мен темір жолы қызметтерінде билет алуға, тұрғын үй немесе ғимараттарындағы бейне бақылау камераларын басқаруға және т.б. қызметтерге мүмкіндік беріп отыр.
Аудан бойынша 2017 жыл қорытындысымен жергілікті атқарушы органдар арқылы 65 458 мемлекеттік қызмет көрсетілген болса, оның 17,5 пайы­зы электронды үкіметтің порталы арқылы көрсетілген. Бұл дегеніміз, аудан тұрғындары өзіне қажетті қызметтерді жоғарыда айтылғандай сандық технологияның мүмкіндіктерін пайдаланып, мекемеге бармай-ақ үйінде оты­­рып алуға машықтанып келеді деген сөз. Осы ретте, қызметтерді элект­ронды түрде алу үшін тұрғындардың компьютерлік сауаттылығының болуы маңызды деп есептеймін.
Сандық технологияның ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, сауда, құрылыс, қызмет көрсету және тағы да басқа ел экономикасының түрлі салалаларына енгізілуі жаңа форматтағы мамандарға деген сұраныс пен еңбек өнімділігін еселеп арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қазіргі қолданыстағы мамандықтардың жоғалып кетуіне де алып келеді. Бұл өз кезегінде жоғары оқу орындарындағы оқу үдерістерін қайта қарап, нарық сұранысындағы жаңа мамандарды дайындау қажеттілігін туғызады.
Бүгінгі күнге барлық мемлекеттік органдар, мекемелер, кәсіпорындар және кәсіпкерлердің жұмысын компьютер мен интернетсіз елестету мүмкін емес. Ақпараттық технологиялардың дамыған кезеңінде ақпараттардың алмасу ағымының баяулығы, мекемелердің жұмыс қабілетін мейілінше бәсеңдететіні белгілі. Осы ретте, интернет желісінің жоғары жылдамдықтағы оптикалық талшықты желісі арқылы жеткізілуі мекеме қызметкерлерінің жұмыс уақытын үнемдеуіне ерекше әсерін тигізіп отыр. Яғни, уақыттың ең қымбат кезеңінде ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы, уақыттың үнемді жұмсалуының ең басты тетігі деп білемін.
Айбек Досанов,
«Қармақшы ауданы әкімінің аппараты» коммуналды мемлекеттік мекемесінің электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы.

18 қаңтар 2018 ж. 2 273 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031