» » Қызылордалық соғыс ардагерлеріне 202 мың теңгеден сыйақы беріледі

Қызылордалық соғыс ардагерлеріне 202 мың теңгеден сыйақы беріледі

Қызылордада 9 мамырға орай 25 соғысының ардагеріне 202 мың теңгеден сыйақы беріледі, - деп хабарлайды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.
Ұлы Жеңіс мерекесіне орай, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне материалдық және әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық және жергілікті бюджеттен 404,4 млн. теңге қаражат бөлінген.
«Бөлінген қаржыдан 25  соғыс ардагеріне – 202 мың теңгеден, соғыс жылдарында жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін КСР Одағының ордендері мен медальдарымен наградталған 59 адамға – 126 250  теңгеден, соғыс жылдарында кемінде алты ай қызмет еткен 4750 адамға - 75 750 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі», - делінген басқарманың таратқан хабарламасында.
Айта кетейік, қазірде Қызылорда облысында 25 Ұлы Отан соғысының ардагері және 4809 тыл еңбеккері бар.

02 мамыр 2019 ж. 1 159 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 222
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 105

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031