Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Кеше Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде Ауған соғысының аяқталғанына 31 жыл толуына арналған шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.Шара басталмас бұрын Ауған соғысында ерлікпен қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Аталған шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жарқын Омаров «Кеңес дәуірінің тарихында ең қаралы беттердің бірі – Ауған соғысы. Жүздеген жас жат елде жан тапсырып, мыңдаған қандасымыз оқ пен оттың ортасынан жарақатпен оралды.
Он жылға созылған сұрапыл соғысқа «Бірінші міндет – Отанды қорғау» деп түсінетін, патриот азаматтарымыз аттанған болатын.
Жылма жыл ақпан айында Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухына бас иеміз.
«Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» дейді дана қазақ халқымыз.
Мемлекет бұйрығын орындап, Отан алдындағы борышын ерлік шежіресімен өтеген Ауған соғысы құрбандары мен ардагерлерін ұлықтау бүгінгі ұрпақтың міндеті де парызы», – деп айтып өтті.
Сонымен бірге аудан әкімінің орынбасары Жарқын Тұрмаханұлы Ауған соғысының бір топ ардагерлеріне аудан әкімінің алғыс хатын табыстап, Отан қорғаушы жастарымыздың сенімді де батыл болуы үшін осындай шаралардың пайдасы зор екенін жеткізді.
Сонау ауған жерінде қару асынып, мұң арқалаған сын сағаттарда бірін-бірі бауыр дескен қазақ сарбаздары қазіргі таңда Тәуелсіз еліміздің әлеуметтік-экономикасын нығайтуда еңбек етуде.
Иә, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Ал ерлікті ұлықтау, насихаттап, құрмет көрсету бүгінгі күннің парызы.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі