» » Жеңіс күні мерекесіне орай соғыс ардагерін құттықтау

Жеңіс күні мерекесіне орай соғыс ардагерін құттықтау

Ақай ауылдық округі әкімінің аппараты қызметкерлері, ауылдық округте орналасқан мекеме басшылары болып, Жеңіс күні мерекесінің қарсаңында соғыс ардагері Жарманов Қалмырза ақсақалды келе жатқан Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтап шағын сыйлығын тарту етті. Жарманов Қалмырза 1922 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Қазалы стансасынан әскер қатарына алынды. 1942 жылы Қалмақ даласында жарақат алып, Астрахань қаласында үш ай емделеді. 1943 жылы Сталинград шайқасына қатысу кезінде 77 девизияның 221 полкінде болған. Орловскі үшін ұрыста жараланған соң емделіп шыққаннан кейін шаңғышылар батальонына түсіп, Мәскеуге барып, мергендер мектебінен 1944 жылы бітірген. Үшінші дәрежелі «Данқ» орденімен сол жылғы қыркүйек айында марапатталған. 1945 жылдың сәуірінен бастап елге 6 ай демалыс алып келген уақытында Жеңісті отбасымен бірге қарсы алады.
06 мамыр 2018 ж. 2 548 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 084
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 673

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031