«Дария бойындағы қала»
Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жас ұлан» тобының мүшелері «Дария бойындағы қала» акциясына үлес қосты. Ауылым – алтын бесігім. Әр адамның ең қымбат мекені туған жері, әлдилеген алтын бесігі. Өйткені сол бесікте тербеліп оңы мен солын танып үлкен өмірге қанат қағады. Міне осындай сырға да жырға да бай қасиетті мекені – Тұрмағамбет ауылы. Тарихы тұнған шежіре, Ешнияз салдан бастап жыраулықтың туын тіккен мекен. Қазақтың тұңғыш прокуроры Сүлеймен Есқараев туған мекені. Кеңес Одағының батыры Тәйімбет Көмекбаев, Социалистік Еңбек Ері, Батыр Ана Сәлима Жұмабекова туған мекені. Сондай – ақ қазақтың белгілі металлургі Далабай Ешпанов дүниеге келген мекені. Ауылымыздағы ең жақсы жайт осы топырақта дүниеге келген әрбір жанның өз ауылын сүйіп, қамқорлай біледі. Биылғы жылы ауылымыз абаттанып ауыл орталығына «Тағзым алаңы» салынды. Онда Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр бабаларымызға арналып «Ер есімі – ел есінде» тақтасы орнатылып, оған Ұлы Отан соғысына қатысып елге оралмаған бабаларымыз, Ұлы Отан соғысынан аман қайтып, бейбіт өмірде еңбек еткен соғыс ардагерлері жайлы мәлімет жазылған. Келесі құрметті орын «Сүлейлер аллеясы» жыраулықты ту еткен Ешнияз салдан бастап ақын, жыршы бабаларымыздың есімдері жазылған. Сонымен бірге Рәміздер тақтасы ауыл орталығына көрік берсе, 1982 жылы туылған түлектеріміздің «Менің жүрегім Тұрмағамбет» деп жазылған тұғыры әрбір жанның кеудесіне мақтаныш сезімін ұялатқандай. Міне осындай ауылда дүниеге келген әрбір бала бақытты. Туған жерді танып білу мақсатында «Жас ұлан» тобы құрметті орындарға саяхат жасау үстінде.