» Роза Рымбаева қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың туған жеріне барды

Роза Рымбаева қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың туған жеріне барды

Роза Рымбаева қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың туған жеріне барды
Әнші Роза Рымбаева қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың туған жеріне барып, ағаш екті, мешітке кіріп, Құран бағыштады. Қобда ауданында тегін концерт берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе облысына есеп беру концертімен келген әнші Роза Рымбаева Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туған жері Қобда ауданы, Бұлақ ауылына барып, кейін Әлия ауылындағы патриоттық орталықта болды. Орталықта қазақтың батыр қызына арналған музей жабдықталып, балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына жағдай жасалған. Сол орталықта ауыл балаларымен, тұрғындармен кездесті. Кейін аулаға ағаш екті.
«Ауыл қарапайым. Қарапайымдылығымен де керемет. Біз сондықтан да ауылды аңсаймыз. Ауылдың адамдарымен кездесіп, олардан қарапайымдылықты көрдім. Оларға өнерімізбен ғана жауап бере аламыз»,- деді әнші Роза Рымбаева.
Әлия ауылындағы Әлия патриоттық орталығына өзге өңірлер мен қалалардан, ауданнан оқушылар мен жастар, елімізге белгілі адамдар жиі барады. Батырлар елінде Қобыланды батыр, Абат Байтақ, Исатай батырдың мемориалдық кешені мен жерленген жері бар.
«Еліміздің батыс өңірінде тарихи тұлға көп, халқы батыр. Өңірдің өзі Еуропа мен Азияның қиылысында тұр. Мұнда да мән мен мағына бар»,- деді Роза Рымбаева.
Ауыл адамдарымен кездесіп, Қобда ауданының тарихи, мәдени орындарын аралаған әнші Роза Рымбаева аудандық мәдениет үйінде тегін концерт қойды. Концертте халыққа кең танымал «Әлия» әні де орындалды.


---
05 мамыр 2018 ж. 1 326 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930