» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ СӘЛИМА ЖҰМАБЕКОВАНЫ ҚОНЫС ТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ СӘЛИМА ЖҰМАБЕКОВАНЫ ҚОНЫС ТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

11 бала тәрбиелеп өсірген Батыр ана, сондай-ақ "Құрмет" орденінің кавалері, Социалистік еңбек ері Сәлима Жұмабекова қоныс тойын тойлады.


Естеріңізге сала кетейік, егін жинау жұмыстарының аяқталуына орай өткізілген салтанатты шарада Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев Сәлима Жұмабековаға қала орталығындағы жаңа жеке үйдің кілтін табыстаған еді.
"Жаңа баспанаңыз құтты болсын, шаңырағыңызға бақ-береке тілеймін. Менің ойымша, бұл сіздің туған жеріңіздің игілігі жолындағы көпжылдық еңбегіңіз үшін лайықты марапат", - деді аймақ басшысы.


"Сізге және Мемлекет басшысына қамқорлығы үшін үлкен алғысымды білдіремін. Менің көпжылдық еңбегім бағаланғанына өте қуаныштымын. Барлық қазақстандықтардың отбасына амандық пен молшылық тілеймін", - деді С.Жұмабекқызы.

Сәлима Жұмабекова 1935 жылы 25 тамызда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ленин ауылында (1997 жылдан бастап – Тұрмағамбет ауылы) дүниеге келген. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған, сондай-ақ, өзі туған ауылда ауылдық кеңесті басқарған.
29 қараша 2018 ж. 2 288 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

№15 (10383)

25 ақпан 2025 ж.

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 431
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31