» » Елбасынан келген алғыс

Елбасынан келген алғыс

Қызылорда облысының әкімі
Қ. Көшербаевқа
Құрметті Қырымбек Елеуұлы!
Сізді және бүкіл Қызылорда облысының жұртшылығын Астананың 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіз Қазақстанның символы саналатын бас қаламыздың айтулы мерейтойы – барша қазақстандыққа ортақ қуаныш.
Сарыарқа төсіне қазығын қаққан еңселі елордамызды тұрғызуға бүкіл халқымыз жұмыла атсалысты.
Биыл бас қаланың туған күніне орай «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Қызылорда облысы да ерекше сый жасады.
Зымырандық-ғарыштық техниканың ашық аспан астындағы музейі Қазақстанның ғарыш саласында жетекші мемлекеттердің бірі екенін айғақтайтын тамаша тарту болды.
Сыр өңірі жұртшылығының бұл сыйлығы қала тұрғындары мен қонақтары үшін қызықты әрі көрнекті орындардың біріне айналатынына сенімдімін.
Астананы көркейтуге зор үлес қосқан Сізге және бүкіл Қызылорда облысының тұрғындарына шынайы ризашылығымды білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!
Н. Назарбаев
14 шілде 2018 ж. 1 525 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 339
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 201

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728