
Сіз ұйықтап жатқанда...
Таңмен алыса жұмысқа барып, кеш бата ала дорбаңызды арқалап үйге қауыша жеттіңіз. Ендігісі ертеңгінің еншісінде. Күнделікті 8 сағаттық уақытылы жұмысқа үйренген соң ба, белгілі бір режим қалыптасқан. Ал мұндай уақыт талғамайтын кей мамандардың тынымсыз тірлігі түн бата қыза түседі. Иә, сіз ұйықтап жатқанда...