» » Айбынды Алтын Орда

Айбынды Алтын Орда

Биыл Ұлық ұлыс – Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толып отыр. Осыған орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерейлі датаны лайықты атап өту және ұлыстың негізін қалаған Жошы хан есімін ұлықтау туралы нық айтылды.
Жошы хан (1180–1227 жж.) негізін қалаған, Алтайдан Альпіге, Ертістен Дунайға дейінгі алқапта билік еткен, Дешті-Қыпшақ даласында шаңырақ кө¬терген алып мемлекет әдепкіде Ұлық ұлыс деп аталды. Кейін бұл атау орыс, славян, батыс жылнамаларында хан ордасының алтынмен көмкерілген ордалық киіз үйіне қарай Алтын орда деп атанып кетті.

Тарихымыздың бедерлі кезеңін қамтитын Ұлық ұлыс Қазақ хандығының бастауы. Оның бай тарихы қазақ даласымен және халқымыздың негізін құраған ру тайпалармен тығыз байланысты. Алайда жұртшылықтың көбі, әсіресе шетелдіктер Ұлыстың атасы Жошы ханның мазары Ұлытауда жатқанын біле бермейді. Бұл ескерткіштің Шыңғыс қаған мен оның әулетінен жер бетінде қалған жалғыз белгі екенінен де көбіміз хабарсызбыз. Оған 2017 жылы Ұлытауға жасаған халықаралық экспедиция барысында көзіміз жетті. Ұлы қаған мен Жошының ұрпақтары тұрмақ, кешегі Қазақ хандығының негізін қалаған тұғырлы тұлғалардан көзге түсерлік, жадыны жаңғыртарлық естелік белгі тым аз қалған жоқ па? Ендеше Сарыарқаның сайын даласының төрінде сан ғасырдан бері көненің көзіне, алтын аңыздың сөзіне айналған бұл әруақты ескеркіштің қастерлі қазақ даласының Алтын Орданың мирасқоры екенін әйгілеп тұрғаны анық!

Алтын Орда Еуразия халықтарының арасында үлкен маңызға ие болды. Көптеген аймақтарда мемлекеттіктің қалыптасуына; - моңғол-түркі-славян мәдениеттерінің байланысын нығайтуға; - Алтын Орда дәуірінің батуы және Еуразия құрлығында жаңа тарихтың басталуына; - ұзақ өзара қақтығыстарды тоқтатуға және Моңғолия билігінің сауданы, халықаралық қатынастарды дамытуына, бірлесіп пошта қызметі жүйесін енгізуге; - алыс халықтар арасында сауда және мәдени байланыстар орнатуға, сауда керуендерін, ұлыстардың аймақтарына дипломатиялық миссияларды бекітуге ықпал жасады.


Қаракөз ҚАСЫМХАНОВА,
№121 мектептің тарих пәні мұғалімі

14 шілде 2020 ж. 1 125 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 998

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031