Ұлық ұлыстың атасы

Алтын Орда – Еуразия аумағындағы Түрік қағанатынан кейін құрылған екінші Еуразиялық мемлекет. Қазақстан аумағындағы тарихына 3 мың жыл болды десек, бұл сол мемлекеттіліктің ХІІІ-ХV ғғ көрінісі. Сонымен қатар, Алтын Орда үш ғасыр өмір сүрген заманында өзінің территориясындағы көптеген халықтардың этникалық, саяси тарихына, мемлекеттің дамуына көп ықпал етті. Тіпті, көрші Ресейдің тарихында да Алтын Орданың өзіндік орны бар. Ал, қазіргі түркі тілдес халықтардың ішінде бірнешеуі ғана өзін Алтын Орданың тікелей заңды мұрагері санайды. Ол әрине бірінші қазақ халқы және Қырым татарлары.
Айтулы шараға орай мектепте дөңгелек үстел отырысы, кітап көрмесі, шығарма жазу, тақырыптық буклеттер дайындау, презентация көрсету жоспарлануда.
Ұлы дала төсінде үш ғасырдан астам салтанат құрған Жошы Ұлысының тарихына қатысты орын алған бірқатар маңызды оқиға мен тарихи ескерткіш жетерлік. Енді оны көздің қарашығындай сақтап, жас ұрпаққа жеткізу – басты борышымыз.
Индира Талкиева,
№183 орта мектептің тарих пәні мұғалімі
№183 орта мектептің тарих пәні мұғалімі