Конституция
» » Қазақстан Президенті Әбдіжәміл Нұрпейісовке «Алтын жұлдыз» белгісін табыс етті

Қазақстан Президенті Әбдіжәміл Нұрпейісовке «Алтын жұлдыз» белгісін табыс етті


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдап, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының «Алтын жұлдыз» айрықша ерекшелік белгісін табыстады. Бұл туралы Ақордадан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан Президенті көрнекті жазушының ұлттық әдебиетіміздің әлемдік деңгейге көтерілуіне қосқан елеулі үлесіне тоқталып, қазақ әдебиетінің абызын 95 жылдық мерейтойы қарсаңында еліміздегі жоғары наградамен марапаттағанын атап өтті. «Сіз халқымызға керексіз. Сондықтан сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс, бақ-береке тілеймін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Әбдіжәміл Нұрпейісов Мемлекет басшысына алғыс айтып, Тәуелсіз Қазақстанды өркендету жолындағы жұмысына табыс тіледі.
30 қазан 2019 ж. 1 048 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 410
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 924

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031