» » » Әбдіжәміл Нұрпейісов: Қызылордалықтар лебізін білдіруде

Әбдіжәміл Нұрпейісов: Қызылордалықтар лебізін білдіруде

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихындағы маңызды құжатқа,  ұлттық әдебиетімізді дамытудағы айрықша еңбегі үшін жерлес жазушымыз Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру жөніндегі Қаулыға қол қойды. Бұл жаңалықтан құлағдар болған біздер ерекше қуанғанымыз рас, деп жазады newtimes.kz
Өйткені, бұл марапат ғасырға жуық ғұмырын Арал теңізінің қилы тағдырын қаламына арқау еткен жазушымызға берілген әділ баға. Сонымен қатар, әдебиет абызын түлеткен Арал жұртшылығына деген ыстық ықыласы мен үлкен құрметі деп білемін.
Баршаға мәлім, жазушы шығармашылық ғұмырының тең жартысын туған жері – Аралға арнап, күні бүгінге дейін теңіз табанындағы жерлестерін рухани демеумен келеді. Осы орайда заманымыздың заңғар жазушысы туған елі мен жерін әлем жұртшылығына таныстырудан жалыққан емес.
Бүгінде Әбдіжәміл Нұрпейісов есімі халықаралық аренада алпысыншы жылдардың басында әлемнің әдеби өрісіне жол тартқан “Абай жолын” жалғастыра жаңғыртқан “Қан мен тер” болып еске түседі. “Қан мен тердің” арқасында қазақ әдебиеті өзінің әлем оқырмандары алдында Әуезовпен алған биігін сақтап қала білді.

ҰЛТ ПЕРЗЕНТІ ҚҰРМЕТ БИІГІНДЕ

Жуырда ғана исі қазақ жұрты шығармаларына дәуір шындығын арқау еткен қазақ әдебиетінің абызы, теңізді өлкенің төл перзенті – Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтың 95 жастық мерейтойын ерекше ықыласпен атап өтті.
Арал ауданының шағын ғана ауылында дүниеге келіп, шығармаларымен қазақ халқын әлем жұртшылығына таныта білген қабырғалы қайраткерді Мемлекет басшысы өз атынан құттықтап, арнайы жеделхатын жолдаған болатын. Мінекей, бүгін нұр үстіне нұр демекші ұлттық әдебиетіміздің көзі тірі классигі – Ә.Кәрімұлы ел игілігіне төккен терінің лайықты бағасын алып, «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды. Жазушымыздың осындай абырой биігінен көрініп жатқанын біздер ерекше қолдайтынымызды жеткізгім келеді. 
Халық алдындағы ерен еңбегі дәл осылай құрметтеліп жатса, мына жақта жерлестері бөркін аспанға атып қуануы заңдылық. Өйткені, Ә.Нұрпейісов дүниеге әкелген жауһарлары әлем елдері шығармаларының арасында өзіндік бет-бейнеге ие болып, қазақ ұлтының беделін көтеріп, абыройын асқақтатты.
Сондықтанда, біздер, аралдықтар қашан да қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы, ұлтымыздың арда азаматы – Ә.Нұрпейісовпен ерекше мақтанамыз. Кемеңгер жазушының ғасырға жуық ғұмыры жастарымыз үшін өшпес үлгі-өнеге деп білемін.

ҚАЛАМГЕРГЕ КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ

Әдебиет әлеміне әңгімемен емес романмен келген қаламгер -публицист, екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы, Қызыл жұлдыз ордендерінің иегері қоғам  қайраткері Әбдіжәміл  Нұрпейісов «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алды. Мемлекет басшысы қол қойған Қаулы барлық Арал жұртшылығын қуанышқа бөледі. Бұл тек ауданымыздың ғана мерейі емес, барша Сыр өңірі мен қазақтың абыройы деп білемін.
Қызылорда облысы Арал ауданында дүниеге келген Әбдіжәміл алақандай ауылдан шығып, күллі әлемге қазақ әдебиетінің асқақтығын айшықтап берді. Аз жазса да саз жаза білген халық жазушысының романдары оқырман жүрегінен ойып орын тауып, көкейде өшпеске жатталып қалған теңдессіз туындылар болып саналады. Осындай дарынға ие шығармашылық әлемінің абызы қандай да болсын құрметке әбден лайықты.

ҚАРЫМДЫ ҚАЛАМГЕР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

Қазақ әдебиетінің классигі, қасиетті Арал топырағында дүниеге келген заңғар жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 95 жылдық мерейтойы жақында кең көлемде аталып өтті.
Жазушы Ұлы Отан соғысында  қан майдан шайқастарға қатысып, елге оралған соң оқырман қауымды жауынгер тірлігіне қанықтырған «Курляндия» туындысымен алғаш көпшілікке танылған болатын. Сондай-ақ,  Арал теңізінің тағдыры мен балықшылар өмірі суреттелген үздік шығармасы «Қан мен тер» романы отыздан астам шетел тіліне аударылып, әлем әдебиетінен өзіндік орын алды.
Қуатты қалам иесінің жазушылық шеберлігінен туындаған жалпыадамзаттық мәселелерді арқау еткен шығармалары қазақ әдебиетінің дамуына, оның әлемдік деңгейде танылуына айрықша үлес қосты.
Бүгін Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қаулысымен Ұлттық әдебиетті дамытудағы айрықша еңбегі үшін Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілгені жерлестерімен қатар, қазақ елі үшін ерекше қуанышты жаңалық болды.  Бұл жазушыға көрсетілген лайықты құрмет деп білемін.

ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН ӘБДІЖӘМІЛ
Мен  мектеп қабырғасынан-ақ кітап оқуды жаныма жақын санап, білімнің терең нәрін қазыналы кітаптан алып өстім. Әсіресе әдеби шығармаларды жаныма жақын санап, соның ішінде жергілікті Арал топырағынан түлеп ұшқан тұлғалардың туындысын оқуды әдетке айналдырдым. Міне, сол оқыған кітаптарымның арасында Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясы өзгелерден өресі биік роман деп шүбәсіз атай аламын.
Романның басты кейіпкері Еламанның болмысы арқылы барша қазақ жігіттеріне тән болмысты, ерлікті, шыдамдылық пен төзімділікті, адалдықты айна қатесіз суреттеген жазушының шеберлігіне сүйсінбеске болмайды. Ал сол уақыттағы заманның жайы, халықтың халі, ел басындағы ауыртпашылық пен қыспақ, балықшылар өмірі оқыған жанның көз алдына қайталанбас көрініс алып келеді. Ал теңіздің мінезі мен толқынның асаулығы өз алдына.
Осындай әлемнің таңдауына ілігіп, отыз тілге аударылған романның авторы Әбдіжәміл Нұрпейісов ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қаулысымен «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын иеленді. Әдебиет әлеміне өзіндік қолтаңбасын қалдырып, қайталанбас туындылар жазған сүйікті жазушыма көрсетілген құрмет көңілге қуаныш ұялатты.

ЕРГЕ ҚҰРМЕТ ЕЛІНЕН

Бүгін бұқаралық ақпарат құралдары бетінен жағымды жаңалықты көзім шалып қалды. Жерлесіміз, жақында ғана 95 жастың төріне шыққан ауданның төл перзенті Әбдіжәміл Нұрпейісов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қаулысымен «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алды.
Бала шағы жастық шағы Ұлы Отан соғысымен тұспа тұс келген абыз жазушының ерліктері бір төбе. Ұлы Отан соғысы, Қызыл жұлдыз ордендерін омырауына таққан батыр, жазушы, публицист жазушы тек қазақ әдебиетіне ғана емес, әмме әлем әдебиетінде өзіндік қолтаңба қалдырған.
Әрбір туындысы тұтас бір әлемге татырлықтай Әбеңе көрсетілген бұл құрмет еңбектің еленгені дер едім. Ғасырға жуық ғұмыр кешкен халық жазушысына қандай құрмет көрсетілсе де артық емес.
28 қазан 2019 ж. 924 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 510

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 582

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031