АЙТУЛЫ КҮННІҢ АЙТАРЫ МОЛ
Мәртебелі мейман алдымен Арал қаласындағы «Рәміздер алаңына» ат басын бұрды. Осы жерде қонақтар көшет отырғызды. Айтулы күннің шарасы «Барсакелмес табиғи мемлекеттік қорығы» мекемесінде келелі жиынға жалғасты. Оған аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысты. Алқалы басқосу барысында Арал теңізі қалпына келтіру жолында жасалып жатқан жұмыстар барысы айтылып, кеңінен таныстырылды. Сондай-ақ, Арал теңізін кұтқару бағытында жұмыс жасап жүрген қызметкелерге Алғыс хаттар табысталып, мерекелік шараларға белсенді қатысатын оқушыларға сый сияпат жасалды.
Аралдағы мерекелік басқосу аудандық оқушылар үйінің бүлдіршіндері әзірлеген мерекелік бағдарламаға ұласты.