» » 22 қазан қандай күн екенін білесіз бе?

22 қазан қандай күн екенін білесіз бе?

Әр күннің өзінің артықшылығы мен ерекшелігі болатыны сияқты дәл осы күннің, яғни 22 қазан күнінің де өзіндік орны бар. Осы күн әр түрлі мерекелер мен ұлы тұлғалардың дүние есігін ашқан күні екен. Атап айтар болсақ:1. Халықаралық мектеп кітапханасының күні. 1999 жылдан бастап ЮНЕСКО шешімімен тойлана бастады. Бұл атаулы күнді Мектеп кітапханасының халықаралық ассоциациясының президенті Бланш Вуллз жария етті. 2005 жылы бұл мейрамды ресмилендірген ассоциацияның жаңа басшысы Питер Дженко болатын. Ал 2008 жылы бұл атаулы күн жаңа деңгейге көтеріліп, қаңтар айында жобаның үйлестірушісі Рик Малхолланд айлық күнді өткізіп тұру керектігін мәлімдеді. Дәл осы жылдың қазан айында алғаш рет халықаралық мектеп кітапханасының айлық мерекесі «Сауаттылық пен білім – сіздің мектеп кітапханаңызда» деген атпен өтті. Содан бері тойланып келе жатқан осы күн біздің елімізде де елеусіз қалмайды.2. Дағыстанның Мемлекеттік мейрамы - Ақ тырналар мерекесі. Дағыстанның халық ақыны Расул Ғамзатовтың бастамасымен поэзия мерекесі ретінде соғыс даласында мерт болған барлық жауынгерлердің рухын ардақтау мақсатында жиырма жылдан астам уақыт атап өтілуде. Аталған мереке бүгінде өз жалғасын табуда.3. Маршалл аралдары, Келісім күні. Маршалл Аралдары Республикасы — Тынық мұхитының батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер аумағы 181 км². Халқы 68 мың (2000). Халқының көпшілігі микронез нәсілдік түрге жататын маршалдықтар. Ресми тілі — ағылшын тілі . Діні — христиан-протестант. Астанасы — Маджуро қаласы. М.А.Р. — президенттік республика. Жоғары заң шығарушы билікті қос палаталы парламент жүзеге асырады. Ұлттық мейрамы — Конституция күні — 1 мамыр (1979). Ақша бірлігі — АҚШ доллары. М.А.Р. 1991 жылдан БҰҰ-ға мүше.Ал дәл осы күні дүниеге келген танымал тұлғалар:1. 213 жыл бұрын (1811-1886) венгр композиторы, пианиношы, дирижер, педагог, қоғам қайраткері Лист Ференц дүниеге келді.2. 63 жыл бұрын (1947) итальян әншісі, Италияның алтын дауысы Робертино Лоретти дүниеге келді.3. 88 жыл бұрын (1926 - 2005) кеңес театр және кино актері Мишулин Спартак дүниеге келді.Өзіміздің отандық ұлы тұлғалардан:90 жыл бұрын (1924) әйгілі қазақ жазушысы, публицист, қоғам қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нұрпейісов Әбдіжәміл Кәрімұлы дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысқан.136 жыл бұрын (1878-1924) ақын Шораяқұлы Омар дүниеге келді.81 жыл бұрын (1933-2003) жазушы-драматург Сатаев Амантай дүниеге келді.22 қазан осындай оқиғалармен ерекшеленеді екен.
22 қазан 2018 ж. 2 522 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031