» » БҮГІН – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР КҮНІ

БҮГІН – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР КҮНІ

Кез келген елдің мәдениеті көрініс тауып, тарихынан сыр шертілетін киелі сахнаның арғы жағы мен бергі жағындағы қызметкерлер жаппай мерекелейді бұл күнді.
Осыдан 53 жыл бұрын халықаралық Театр институты Вена қаласында өткен конгрессте 27-ші наурызды театр өнерін ұлықтауға арнауды жөн санапты. Міне, содан бері бұл күн кәсіби мереке ретінде атап өтіледі. Халықаралық Театр институтының басты мақсаты әлемдегі барлық театр қауымдастықтары мен өнер қайраткерлерінің шығармашылық жолындағы татулығы мен байланысын нығайту мен дамыту. Халықаралық театр күніне орай, алғашқы жолдауды француз жазушысы мен суретшісі Жан Кокто (Jean Cocteau, 1889—1963) жазған болатын. Театр атауы көне грек тілінің «theatron» (θέατρον) сөзінен шыққан. Комедия мен трагедия - театрдың ең танымал жанрлары. Екі жанрды сипаттайтын бетперде театр нышанына айналған. «Театр киім ілгіштен басталады» деген тәмсіл бар. Әрине, бұл пікірде көрермен мәдениеті туралы астарлы ой жатқаны аян. Мәдени-рухани құндылық, эстетикалық тәрбиені де осы театр сахнасынан ұғынасыз. Сондықтан да болар, театр өнері саф өнерге баланады. Халықаралық театр күні – бұл театр қайраткерлерінің кәсіби мерекесі ғана емес, күллі өнерсүйер қауымның мерекесі. Ұлы өнердің ұлықталар күні. Деректерге сүйенсек, тұңғыш театрлық қойылым біздің дәуірімізге дейін 2500 жыл болған. Алғашқы театрлық ойын Мысырда қойылды, оның сюжетіне мысыр аңызының образдары - Осирис құдайының хикаялары енді.
27 наурыз 2018 ж. 1 822 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930