» » ЕЛОРДАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ 80-ГЕ ЖУЫҚ ШАРА ӨТКІЗУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

ЕЛОРДАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ 80-ГЕ ЖУЫҚ ШАРА ӨТКІЗУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

Елорданың 20 жылдық мерейтойына байланысты Мәдениет және спорт министрлігі Астана төрінде өтетін іс-шараларды бекітті.
Мерейтойдың құрметіне орай республикалық және халықаралық деңгейде 80-ге жуық шара өткізу жоспарланып отыр.
Бұл туралы Елорда инфо хабарлайды.
Атап айтқанда, «Астаналар шеруі: Астананың 20 жылдығы – әлемнің 20 астанасы» атты халықаралық мәдени имидждік жоба аясында әлемнің атақты 20 астанасының құттықтауы таныстырылмақ. Сонымен қатар «Астана Опера» театры Бейжің ұлттық опера театрымен бірге Джакомо Пуччинидің «Турандот» атты операсын, «Астана Мюзикл» театрының әлемге танымал «Notre Dame de Paris» мюзиклін және «Астана – менің бақытым» атты телевизиялық фильмнің таныстырылымы болады.
Мереке аясында түрлі көрмелер де ұйымдастырылмақ. Мәселен, Третьяков галереясының коллекциясы, «Ұлы Моғолдар. Тарих артефакттары», Францияның Ұлттық музейлерінің бірлескен жиыны – Гранд-Пале, «100 оқулықтағы әлем тарихы» көрмелері ел назарына ұсынылады. Азия жұлдыздарының қатысуымен «Voice of Astana» халықаралық фестивалі, АҚШ, Польша, Нидерланды және Қытай елінің ең үздік балеттік труппаларының қатысуымен ұйымдастырылатын «Eurasian Dance Festival» және Испания, Ресей, Франция, Италия елдерінің театрларының қатысуымен ІІ бүкіләлемдік «Астана» театр фестивалі, заманауи этникалық музыка мен биді паш ететін «The Spirit of the Dance» фестивалі және тағы басқа қызықты шаралар қала тұрғындарын қуантатыны сөзсіз.
08 қаңтар 2018 ж. 2 379 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 339
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 118

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930