» » Кітапханашылар бас қосты

Кітапханашылар бас қосты

«Кітапхана – кітап пен оқырман арасындағы алтын көпір» деген атпен №277 орта мектепте аймақтық семинар өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын арқау ете өткізілген шара жергілікті кітапханашылардың тәжірибе алаңына айналды.
Аталған шараға аудандық білім бөлімнің әдіскері Ләззат Есханова мен Ақай елді мекенінің мектеп кітапханашылары қатысты. №272 орта мектеп кітапханасының меңгерушісі Патшагүл Нұрова ақиық ақын М.Мақатаевтың өлеңдерінен поэтикалық марафон ұйымдастырып, өзгелерге үлгі бола білді. Ал №273 орта мектеп кітапханасының меңгерушісі Гүлсім Тұрғанбаева «Ғаламтор және кітап» деген тақырыпта оқушылар арасында пікір-сайыс өткізді. Сондай-ақ, №274 орта мектеп кітапхана меңгерушісі Хадиша Акишева «Жаңа кітап – жаңа ой» деген айдармен жаңа кітаптарға библиофреш өткізді. Шара барысында №275 орта мектептен Мақпал Махамбетова оқушы Айгүлзар Әнесованың «В побеге от реальности» туындысының тұсауын кесті.
Жағымды жаңалықтарымен қуантқан семинарда №277 орта мектеп кітапханасының меңгерушісі Зарипа Жәрімбетова «Буккроссинг» (кітап алмасу) жобасын таныстырды.
Хадиша ӨМІРҒАЛИҚЫЗЫ.
27 ақпан 2018 ж. 3 003 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 863
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 119

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930