» » Туған күн тойлау қашан пайда болды?

Туған күн тойлау қашан пайда болды?

Туған күн тойлау қашан пайда болды?
Туған күн жайлы алғашқы жазба деректер біздің дәуірімізге дейінгі 3000 жылдыққа тән. Туған күнді алғаш ежелгі мысырлықтар тойлай бастады. Бұл мереке кейін Ассирияға да тарап кетті. Бірақ туған күнді тек шенді перғауындар мен олардың мұрагерлері ғана тойлай алатын. Сарайларда үлкен той өтіп, бүкіл жұрт атап өтетін болған. Кейде перғауын туған күніне орай түрмедегі қылмыскерлердің жазасы жеңілдетіліп, бостандыққа шығарған.
Ежелгі дәуірде тек ерлердің туған күні тойланған. Ал әйелдер арасында жеке меншік мерекесі атап өтілген алғашқы әйел – ІІ Клеопатра патшайым (б.з.д. 185-116 ж.ж.).
Христиан діні орнай бастаған уақытта әлдебіреудің туған күнін тойлау доғарылды. Ертедегі христиандар бұл әлемді азалы әлем деп қабылдады, сондықтан бұл өмірге келуден гөрі кетудің мүддесін артық санаған. Адам жасы қаншалықты ұлғайса, оның күнәлары да соншалықты көп болады. Мұндай күнді тойлау дұрыс емес деп есептелген. Одан қалды мысырлықтардан, гректер мен римдіктерден қалған салт-жоралғылар шіркеу тарапынан қадағаланып отырған.

Уақыт өте келе шіркеулер біршама бейілділік таныта бастады. ХІІ ғасырда приход христиандары туу және шоқыну күндерін белгілеп отыратын тіркеу кітабын енгізді. Содан кейін туған күнді тек ер адамдар мен үлкендер ғана емес, балалар мен әйелдер де тойлай бастады.
24 шілде 2018 ж. 1 662 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 547

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 616

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031