17 қазан. Бүгін қандай күн?

Мақсат - жоқшылықты, ашаршылықты жоюдың өте маңызды екендігіне осы жағдай қалыптасқан елдердің, әсіресе дамыған елдердің назарын аудару, адамдарды бір-біріне көмек қолын созуға, өз қиындықтарымен бөлісуге шақыру. БҰҰ-ның Экономикалық және Қоғамдық Кеңесінің айтуынша, "кедей" деген – өз елінде жүріп өмір сүруіне қажетті қоры өте шектеулі адамдар немесе отбасы. Ал осы күнді бірлесе отырып атап өту кедейлердің азаюына жол ашып, адамдарды жақсы өмір сүруге үндейді. 2006 жылдың 17 қазанында өткен Халықаралық қайыршылыққа қарсы наразылық күніндегі салтанатты жиында БҰҰ-ның бас хатшысы: "... Осы Халықаралық қайыршылыққа қарсы наразылық күнінде барлықтарыңызды бірлесе отырып күресуге шақырамын. Біз бірлескенде ғана шынайы нәтижелер мен бақытты, кедергісіз өмірге қол жеткізе аламыз" деген болатын.

massaget.kz