» » Ұлы даланың ұлық тұлғасы

Ұлы даланың ұлық тұлғасы

Осы жылы «Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтуде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлы тұлғаның мерейтойына дайындалу және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы қаулыға қол қойды.Мемлекеттік комиссия мерейтойды атап өтудің республикалық деңгейдегі жоспарын жасап шықты. Онда 50-ден астам іс-шара көзделді. Олардың ішінде халықтың барлық буынын қамтитын арнайы жоба, ғылыми талдау, қоғамдық маңызды және мәдени-бұқаралық іс-шаралар бар. Ірі жобалардың бірі – Нұр-Сұлтан қаласында ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ және ИСЕСКО аясында «Әл-Фараби және әлемдік өркениет» атты халықаралық ғылыми симпозиум, Түркістан облысында арнайы арт-фестиваль, қолөнершілердің жәрмеңкелері, ұлттық ойындар бойынша жарыстар мен мерекелік концерттер, әлемнің жетекші мемлекеттерінің сарапшылары қатысатын халықаралық конференция өткізіледі деп жоспарланған.
Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб (қазіргі Түркістан облысы, Отырар ауданы маңайындағы ортағасырлық қала) қаласында дүниеге келді. Ғұлама ойшылдың толық аты-жөні – Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби.Отырардағы аса бай кітапханасында Әл-Фараби парсы, грек тілдерін үйренеді, осы тілде ғылыми трактаттар оқыды. Фараб пен Бұқарада бастапқы білім алған соң әл-Фараби өз білімін жетілдіру мақсатында Бағдатқа аттанады. Білімге деген құштарлығының арқасында ол сол уақыттағы ғылым мен білімнің ордасы саналған Дамаск, Халеб, Каир, Шаш, Самарқан, Бұхара, Мерв, Нишапур, Рей, Хамадан қалаларында да болып, білімін үнемі жетілдіріп отырған. Артынан 150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар қалдырған. «Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Мәселелердің түп мазмұны», «Ғылымдардың шығуы», «Бақытқа жету», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері» сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектері әлі күнге дейін өз мәнін жоймаған.
Әл-Фарабидің 1150 жылдығымен қоса, биыл «Ұлық ұлыс» - Алтын Орданың 750 жылдығы және қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Әлемде болып жатқан келеңсіз оқиғалар, коронавирус пандемиясының таралуына байланысты мемлекеттік маңызы бар іс-шаралардың барлығы әзірге өткізілмейді. Десе де білім ізденіп, тарих пәнінің мұғалімі Талғат Сағатұлымен қашықтан оқыту жүйесімен жүйелі түрде ізденіс үстіндеміз. Осы орайда ұлы данышпандарымызды насихаттауға бағытталған пәндік ғылыми жобамызды жалғастырудамыз. Жүйелі түрде облыстық, Республикалық және Халықаралық сайыстар мен байқауларға қашықтан қатысудамыз. Ғылымның барлық саласымен айналысқан «Әлемнің екінші ұстазынан» біздің алар білімімізбен ұлағатымыз мол.

Назерке БЕКМАТОВА,
№ 121 орта мектептің оқушысы
14 шілде 2020 ж. 1 092 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 063

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031