» » Ұлы Даланың данышпаны

Ұлы Даланың данышпаны


2020 жылы "Әлемнің екінші ұстазы" атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтуде.

Ал, Әбу Насыр әл-Фараби кім? Ол кісіні неліктен данышпан дейміз?

Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келген.

Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өскен, сол замандағы Отырардағы аса бай кітапхана әл-Фараби үшін ең құнды дүниенің бірі болды. Ол парсы, грек тілдерін үйренген және осы тілде ғылыми трактаттар оқыған. Сол уақыттағы ғылым мен білімнің ордасы саналған Дамаск, Халеб, Каир, Шаш, Самарқан, Бұхара, Мерв, Нишапур, Рей, Хамадан қалаларында да болып, білімін үнемі жетілдіріп отырған. Өзінің білімділігі мен сауатының арқасында "екінші ұстаз" атанды. Философия пәнін терең меңгерген ол 150-ге жуық философиялық және ғылыми трактат жазып қалдырды. Ғалым философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономияны зерттеді. Оның зерттеуі ортағасырлық араб философиясының қалыптасуына әсер етті. Оны екінші Аристотель деп те атайды. Екінші Аристотель ғылымның дамуына елеулі үлес қосты. Ғұлама философиядан басқа химия, биология, медицина ғылымдарында зерттеген. Сонымен қатар, философияны діннен бөлек қарастырған. Философияға ғылыми тұрғыда қараған. Қазіргі таңда философия мен діннің екі бөлек дүние екені дәлелденді.

Философия тұрғсынын қарағанда Әбу Насыр Әл –Фараби адамдардың мінез-құлқына, дүниетанымының өзгеруіне және адамдардың қоғамға деген көзқарастарының өзгешелігіне үңіле білген.

Сонымен қатар, Аристотельдің әлеуметтік-қоғамдық идеяларын түсіндіріп қана қоймай оны дамыта білген адам. «Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Мәселелердің түп мазмұны», «Ғалымдардың шығуы», «Бақытқа жету», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері» секілді көптеген философиялық еңбектерді жазды. Философия тұрғысынан қарағанда әл–Фараби адамдардың мінез-құлқы мен дүниетанымның өзгеруіне және адамдардың қоғамға деген көзқарастарын зерттеді десек, артық айтпаймыз.

Бабамыздың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы» атты трактатын араб тіліндегі нұсқасын алғаш рет қазақ тіліне аударылған бөлімдерінен үзіндісі «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланды. Мұнда, осы кітапты жазуды алғаш Бағдадта бастағаны жайлы жазылған. Дамаск қаласында аяқтаған. Қайта тексеріп кітапқа «әбуәб» тараулар қосқан. Кейін көптің сұрауымен кітаптың мағынасын білдіретін «фусул» бөлімдер қосылған. Бұл бөлімдерді Мысырда аяқтап, кітабына қосымша енгізген. Кітап алты бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде – «болмыс», екінші бөлімде – «ізгілікті діндегі рухани жандар мен періштелер», үшінші бөлімде – «аспан денелері мен аспан асты яғни материалдық денелердегі басшылық жөнінде», төртінші бөлімде – «адам жайлы», бесінші бөлімде – «адамның өз қалауы арқылы бар болған нәрселер туралы», ал алтыншы бөлімде – «надан көзқарастар мен қоғамдар, надан қалалар мен надан басшылардың түрлері» жайында айтылған.

Бұл бөлімдерде данышпан адамдардың алғаш бойындағы қасиеті болмыстың ешкімге тәуелді еместігін, болмыс мәселесіне ештеңе тең келмейтінін айтса, кейін адамдарда өз қалауының болатынын айтқан. Қалаудың не, таңдаудың не екеніне тоқталған. Адамдардың барлығы бақытты болғысы келеді және соған талпынады. «Түпкілікті бақыт» деген не ал? Бақыт жолынан тайғандар азап деген нәрсеге тап болатыны белгілі. Бұл екеуі адамдардың өз қалауы. Данышпан бабамыз осы бақыт пен азапты адамдардың өз таңдауы екенін анықтады.
Содан кейін надандық жайлы айтқан. Неге адамдар надан болады, надандық неден туады? Мұны адасу деп айтса да болады. Адамдардың қоғамға деген көзқарасының өзгеруі. Адамдар қанша оқу оқыса да оның жан дүниесі, рухы мықты, таза болмаса ол адамды надан деп айтса бола ма? Кейбір адамдар адасу арқылы түзу жолдың не екенін біледі, оның қадірін түсінеді. Адамдар табиғи болмысынан мүлдем айырылып қалмайды бірақ, оны бұзуы мүмкін. Данышпан бабамыз адамдарды зерттеуде өте дәл, анық айтқан.

Эльмира АҚБОЛАТОВА
№ 250 мектеп-лицейінің
тарих пәні мұғалімі



23 мамыр 2020 ж. 1 395 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 062

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031