Әл-Фарабидің кітап көрмесі таныстырылды
ЖОСАЛЫ, 26 ақпан – qarmaqshy-tany.kz Биыл "Әлемнің екінші ұстазы" атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді.
Аудандық балалар кітапханасында "Әл-Фараби шығыстың ғұлама ғалымы" атты кітап көрсемесінің таныстырылымы өтті және Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған 7 томдық таңдамалы шығармалар жинағы / Қазақ және орыс тілінде/ келіп түсті.
Әбу Насыр әл-Фараби
1. Қайырымды қала,
2. Философиялық трактаттар,
3. Әлеуметтік этикалық трактаттар,
4. Музыка туралы үлкен кітап,
5. Ғылым туралы кітап,
6. Ой-сана туралы кітап,
7. Әнуар Әлімжанов. Ұстаздың оралуы.
Сонымен қатар ағылшын тіліндегі Farabi. The book of mind.
Шығыстың ғұлама ойшылы, әмбебап ғалым Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келген. Отырардағы аса бай кітапханасында әл-Фараби парсы, грек тілдерін үйренеді, осы тілде ғылыми трактаттар оқыды. Фараб пен Бұқарада бастапқы білім алған соң әл-Фараби өз білімін жетілдіру мақсатында Бағдатқа аттанады. Білімге деген құштарлығының арқасында әл-Фараби сол уақыттағы ғылым мен білімнің ордасы саналған Дамаск, Халеб, Каир, Шаш, Самарқан, Бұхара, Мерв, Нишапур, Рей, Хамадан қалаларында да болып, білімін үнемі жетілдіріп отырған. Артынан 150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар қалдырған әл-Фараби 950 жылдары Дамаскте дүние салған. «Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Мәселелердің түп мазмұны», «Ғылымдардың шығуы», «Бақытқа жету», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері» сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектері әлі күнге дейін өз мәнін жоймаған.