» » "Абай" залы ашылды (фоторепортаж)

"Абай" залы ашылды (фоторепортаж)

ЖОСАЛЫ, 29 қаңтар – qarmaqshy-tany.kz Аудандық орталық кітапханада тағылымы мол мазмұнды шара Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай» залының, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына, Алтын Орданың 750 жылдығына, «Еріктілер жылына» арналған мерейтойлық кітап көрмелерінің ашылу салтанаты өтті.
Көрменің ашылу салтанатына аудан әкімі Мұса Оспанұлы, аудан әкімінің орынбасары Жарқын Тұрмаханұлы, аудан ардагерлері мен ұзақ жылдар мәдениет саласында жемісті еңбек еткен ардагер кітапханашылар мен оқырмандар қатысты.
Мерейтойлық көрме ІІІ бөлімнен тұрады. Көрменің І бөлімі – Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «Алтын Орда – Ұлы дала тарихы», ІІ бөлімі – ғұлама ғалым, философ Әбу Насыр Әл-Фарибидың 1150 жылдық мерейтойына арналған «Әл-Фараби және оның рухани мұрасы» деп аталса, ІІІ бөлім – «Еріктілік риясыз жақсылық жасау» атауымен берілген.
Мәдениет саласының ардагері Бибайша Жанахаева және кітапхананың тұрақты оқырманы  Әлім Ұзақбаев ағамыз ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай» залының лентасын қиып, орталық кітапхананың директоры Қаниева Күлшара Бөгенбайқызы «Абай» залын таныстырды. Кітапханада ашылған «Абай» залы – жыр сүйер оқырман үшін ерекше салтанатты, ұлағаты мол орынға айналатынын кеш қонақтары айрықша атап өтті.

Суреттерді түсірген Қазбек Тайбағаров



29 қаңтар 2020 ж. 808 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 407
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728