» » Тігін цехындағы табысты тірлік

Тігін цехындағы табысты тірлік

Кез келген істе тұрақтылық пен жұмысқа деген сүйіспеншілік аса маңызды. Ал сүйікті ісі арқылы табыс таба алса, ол – жұмыстың төресі. Мұндай бақытқа ие болған жандар ІІІ Интернационал ауылының тұрғындары. Бұл ауылда іліп алар ілкімді істер көп-ақ. Оның басы-қасында жүретін бірден-бір тұлға – «Достық Жер МК» және «Абай-Дәулет» ЖШС директоры, меценат, көпке танымал кәсіпкер Мұрат Сәрсенбаев. Жақында осы кісінің басшылығымен ауылдағы орталық кеңсенің бірінші қабатынан тігін цехы ашылды.

Ашылғанына айға жуықтаса да ауыл тұрғындары тігін цехының жұмысына дән риза. Жұмыспен қамту бағдарламасына сай ауыл азаматшалары тұрақты жұмыспен қамтылған. Тігіннің тілін түсінетін төрт маман бұл уақытқа дейін де үй жағдайында тігіншілікпен айналысып, көптің көңілінен шығып жүр. Тірлігі тиянақты төрт тігіншінің ұқыптылығы кіреберістен-ақ байқалады. Әдемі жиналған бұйымдар, қаз-қатар тізілген көрпешелер сүйсіндірмей қоймайды. Дайын өнімдер арасында бүгінде адам денсаулығы үшін құны жоғары болып тұрған бетперде де бар. Одан бөлек, заманауи үлгідегі төсек-жабдық, қыз жасауына қажетті бұйымдар да бар.

Біз барған сәтте тігіншінің бірі төсек-жабдық тіксе, енді бірі – әдемі матадан әйелдерге арналған көйлек тігуде. Нақтылап білгенімізде, тұрғыннан түскен тапсырыс екен.
– Осы уақытқа дейін тек үйден тапсырыс алатынбыз. Ауылдан тігін цехы ашылатынын білгенде қатты қуандық. Қазір тұрақты жұмысымыз бар. Біздің басты мақсат – тапсырыс берушінің көңілінен шығып, олардың ризалығын алу, – дейді Сәуле Жұмағазиева.
Иә, тұрақты жұмыспен қамтылған тігіншілер мұндай мүмкіндіктің туғанына қуанышты. Тұрғынның кез келген тапсырысын орындауға, олардың риза болған көңілді жүзін көруге асық екенін жеткізді. Жылы жүздері мен ақжарма әңгімелерінен олардың жұмысына деген ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігі анық байқалады. Жұмысыңды шынайы беріліп сүйсең ғана берекелі табыс болатыны белгілі. Қолыңнан келетін іс кәдеңе жараса тіпті керемет емес пе?
Тігін цехы заманауи төрт тігін машинасы, бір орау машинасы және өзге де қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Кең, әрі жарық бөлме түрлі тамаша дүниені тудыруға ыңғайлы. Тігін цехының алға қойған мақсатының ауқымы үлкен. Бұл туралы есепші Айгүл Жүсіпқызы толығырақ мәлімет берді.
– Тігін цехы ашылған уақытта халық сұранысына сай қолжетімді бағада бетперде тігіп бастады. Қазір тапсырыс түрленуде. Қолдан келгенше тұрғынның сұраған дүниесін үдесінен шыға орындап беруге тырысамыз. Қолжетімді бағада әрі сапалы өнім дайындау үшін тігіншілер барын салуда. Алдағы уақытта ауылдық, аудандық ауруханаға төсек-орын тысы, көрпе жамылғысын, жастық тыстарын тігу жоспарда бар. Өз ауылымызбен қатар, іргелес елді мекендерден де тапсырыс алуға ниеттіміз. Сондай-ақ, шаруашылық жұмысшыларына арналған арнайы форма дайындау да назарға алынған. Әр бригадаға арналған киімді белгілі бір түспен тіксек деген ұсыныс бар. Әрине, олар алдағы уақыттың еншісінде, – дейді бас есепші.
Тапсырыс берушінің талғамынан шығу үшін цех жақында түрлі матамен толықтырылған. Сүйікті ісіне білек сыбана кіріскен тігіншілердің осындай мүмкіндік сыйлаған Мұрат Абайұлына деген алғысы шексіз. Сонымен қатар, бұл кісінің жайсаң мінезі мен жомарт жүрегіне гүлденген ауыл тұрғындарының ризалығы бір бөлек. Түрлі ұлт пен ұлыстың басын тоғыстырған ауылда жайлы өмір сүруге толық жағдай жасалып, жанға жайлы, саялы мекенге айналуда. Қажетті затын алыстан іздемей ауылдан табуға болатын, жаңа бастамаларға, жағымды жаңалыққа толы ауылдан бой көтерген мақсаты айқын тігін цехының тасы өрге домалайтынына сенім мол.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
Аслан НҰРАЗҒАЛИ (суреттер)
14 шілде 2020 ж. 1 770 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 093

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031