» » Талапты сақтамаған айыппұл төлейді

Талапты сақтамаған айыппұл төлейді

Бүгінде әлем бойынша шешімін табуды талап ететін басты мәселенің бірі – коронавирусты жеңу. Бұл орайда ең үздік деген ғалымдар тынбай еңбек етіп, үлкен ізденіс үстінде. Олардың бәрі бір ғана мақсатты көздейді – вакцина ойлап табу. Ал вирус болса күн санап жұқтырғандар санын көбейтіп келеді. Осы орайда біраз маман мұның алдын алу үшін барын салуда. Ауданда да атқарылып жатқан іс қатары аз емес.
Осы уақытқа дейін аудан бойынша 249 көше, 20 аялдама, 2 сауда үйі мен 16 спорт алаңына, теміржол вокзалы мен эпидемиологиялық маңызды 84 нысанға дезинфекциялау жұмыстары жүргізілген. Бұл – 1 461 700 шаршы метр жер тазаланып, вирустың алдын алуға көмектесті деген сөз.
Қазақстан Республикасы Бас санитарының шығарған қаулыларына сәйкес аудан әкімдігі мен полиция қызметкерлері тұрғындардың карантин талаптарын сақтауын қамтамасыз ету мақсатында күнделікті кезекшілікке шығып, аудан халқына түсіндірме жасауда.
Халықтың вирус туралы сауаттылығын арттыру, көмек көрсету үшін аудандық ауруханада ағымдағы жылдың 2 шілдесінен бастап аудандық емханада CALL орталық іске қосылды. Енді қармақшылықтар 2-29-85 нөміріне қоңырау шалып, тегін кеңес ала алады. Соңғы уақытта жедел жәрдем шақырту орталығына түскен қоңырау саны күрт көбейгендіктен, орталықпен байланысу қиындады. Міне, сол үшін арнайы мамандар коронавирусқа қарсы сұрақтарға осы желі арқылы жауап береді. Сонымен бірге қазіргі таңда аудан орталығында 4, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінде 4 мобильді топ қызмет етуде. Мобильді топта учаскелік дәрігерлер мен фельдшерлер жұмыс істейді.
Карантин кезінде жұмыс істеуге рұқсат етілген мекемелердің санитарлық талаптарды сақтауын бақылау үшін мониторингтік топ 437 нысанға тексеріс жүргізді. Рейд барысында талапты бұзғандарға ескерту берілді.
Расымен, індеттің таралуына жол бермеу мақсатында түрлі шара атқарылып келеді. Қазіргі таңда дәрігерлер, сапа мен қауіпсіздікті бақылау, полиция мен әкімшіліктің қызметкерлері күндіз-түні жұмыс істеуде. Алайда, карантин талабы әлі күнге дейін сақталмай жүргенін мойындау керек. Бір адамның жауапсыздығы бірнеше адамға қауіп төндіреді. Енді талапты сақтамағандар айыппұл төлейді.
Иә, енді бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамаған жеке тұлғаға 83340 теңге (30 АЕК), ал заңды тұлғаларға 638 940 теңге (230 АЕК) көлемінде айыппұл салынады. Сондықтан жабық ғимарат немесе қоғамдық көлікте бетпердесіз жүрсеңіз, қоғамдық орында арақашықтық сақтамасаңыз және ашық жерде 3 адамнан артық жүрсеңіз қомақты көлемде ақша төлеу керек болады.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

14 шілде 2020 ж. 713 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031