» » » Бақытжан Нысанбаев: «Ауру жұқтырғандардың дені – вакцина алмаған»

Бақытжан Нысанбаев: «Ауру жұқтырғандардың дені – вакцина алмаған»


Індет өршіп тұрса да аудан тұрғындары бекітілген ережені елемейді екен. Оларды тәртіпке бағындыру үшін жұмыс істейтін мобильді топ құрылған. Оның құрамында жергілікті әкімдік өкілдері мен санитар дәрігерлер және тәртіп сақшылары бар. Олар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, еліміздің бас санитар маманы бекіткен ереженің сақталуын қадағалайды. Вирустың елімізде күрт күшейгенін күнде теледидардан, ақпарат көздерінен естіп жатырмыз. Қазір ауруханада жағдай мәз емес. Ауданның бас дәрігері Бақытжан Нысанбаевтың бізге мән-жайды асықпай айтып беретін уақыты аз. Сол себепті нақты сұрақтарға, жедел жауап алып үлгердік.

– Бақытжан Сағилатұы, өзіңіз білетіндей пандемия бүкіл әлем бо­йынша әлі де өршіп тұр. Облысымыз «қызыл аймақ» қатарында. Бізде бұл вируспен қанша адам тіркелді? Ау­дандық ауруханадағы ахуал қандай?
– Жыл басынан бері аталған вирус­пен Ақай мен Төретамды қоспағанда 212 науқас тіркелді. Оның 103-і симп­томсыз, 109-ы симптомды. Ауруханада инфекция жұқтырғандарды емдейтін жансақтау бөлімін қоса есептегенде 100 орын қарастырылған. Дәл қазіргі таңда 58 науқас ем алуда. 6 науқас жан сақтау бөлімінде.
– Балалар арасында да аурудың жаңа түрі тіркеліп жатқанын есту­деміз. Бізде ауру жұқтырған балалар тіркелді ме?
– Жыл басынан бері 57 бала коронавирус инфекциясының жеңіл түрімен тіркелді. Барлығы емделіп шықты. Қазіргі таңда ауруханада 2 бала ем алуда. Балаларға жұқпайды екен деп уайымсыз жүре беруге болмайды.
– Жасыратыны жоқ, арамызда әлі талапқа бағынбайтындар бар. Ол­ар­дың бетпердесіз, ара­қаш­ық­тықты сақтамауы жиі байқалады. Одан бөлек жасырын жиын-той жасап жатқандар бар. Аурудан сақтанудың жолы қандай?
– Қоғамдық орындарға көп бара берудің қажеті шамалы. Қол алысып, құшақтасып, беттен сүйіп амандасуға мүлде болмайды. Бетпердені шешуге әзір ерте. Қолды жиі жуып, антисептик пайдаланып, арақашықтықты сақтау керек. Ал сақтанудың ең тиімді жолы – вакцина алу. Қазір ауырып жатқан науқастардың бәрі де вакцина алмағандар. Бұл дертті тек толық вакцина алғанда ғана жеңе аламыз. Мұны уақыттың өзі дәлелдеп отыр. 18 бен 100-ге дейінгі жас аралығындағыларға вакцина алуға еш қарсы көрсеткіш жоқ.
– Өткен жылдың осы мерзімінде дәрі тапшылығы сезіліп, халық біраз қиындық көргені рас. Ауруханада қанша уақытқа жететін дәрі қоры бар? Дәрігерлер жеткілікті ме?
– Аудандық ауруханада 2 айға жететін дәрі қоры бар. Дәрі әр ай сайын толықтырылып отырады. Дәрігерлер де жеткілікті. Дәрігерлер мен медбикелер осы дертке байланысты арнайы курстан өтті. Сабақ алды.
– Індет дендегенде екі өкпеден қысқан дерт тынысты тарылтатыны белгілі. Ондайда жасанды тыныстандыру аппаратын қолданасыздар. Жалпы аурухана ИВЛ аппараты, басқа да қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған ба?
– Аурухана қажетті құрал-жаб­дықтармен толық қамтылған. 12 ИВЛ аппараты мен 44 оттегі концентранты бар. Барлығы жұмыс істеп тұр.
–Жедел жауабыңызға рақмет.

Сұқбаттасқан
Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ
24 шілде 2021 ж. 1 882 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031