» » Covid-19: ауданда 9 адам тіркелді

Covid-19: ауданда 9 адам тіркелді

Дүниені дүрбелеңге салып, қорқыныш құшағына ораған коронавирус індетінің қаупі әлі де сейіле қойған жоқ. Аты жаман аурумен арпалысқанымызға да міне, тоғыз ай. Ауданда 3-қыркүйектен бастап КВИ жұқтырғандар болған жоқ. Ал енді аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының хабарлауынша, 15 желтоқсандағы мәлімет бойынша ауданда 9 науқас Covid-19 жұқтырып отыр.
Вирусты жұқтырған алғашқы науқас 9 желтоқсан күні тіркелген. Науқас Қызылорда қаласынан келген.
– Бүгінде аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінде 1 науқас реанимация палатасында жатыр. Одан коронавирусқа қарсы тест сынамасы алынып, оң нәтиже көрсетті. Науқас коронавирус инфекциясының орта дәрежелі диагнозымен жатыр. Сонымен бірге науқастың бас ми қанайналымының жедел геморрагиялық типінің бұзылысы диагнозы қойылған. Науқастан алынған екінші сынама тесттің нәтижесі де оң. Ал үшінші сынама тест 14 күннен соң алынады. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, 2 реаниматолог, мейірбикелердің бақылауында, – дейді аудандық аурухана бас дәрігердің орынбасары Алтынай Жүсіпова.
Бізге сақтық ережесін сақтамауға әсте болмайды. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты енгізілген карантиндік талаптардың сақталмауының әсерінен осындай жағдай орын алып отыр. Ең әуелі өз денсаулығымызды ғана емес, отбасындағы жақындарымыздың, балалардың саулығын ойлау қажет. Әрине, саулық – сақтықта.
– КВИ жұқтырғандардың дені отбасы мүшелері мен өзі жұмыс істейтін мекеме қызметкерлеріне жұқтырған. Тұрғындар бетперделік режим мен сақтық шарасын қатаң сақтап, ережеге бағынуы керек. Алғашқы жұқтырған науқас бүгінде аудандық жұқпалы аурулар бөлімшесінде 1 науқас реанимация палатасында дәрігерлер бақылауында. Ал 3 науқас облыстық жұқпалы ауруханалар ауруханасында жатыр. 15-желтоқсан күні жұқтырған 4 науқастың жағдайы әлі де зерттелу үстінде, – дейді ауданның бас санитар дәрігері Г.Төлепбергенова.
P.S.
Тәртіпке бағынып, сақтық шараларын орындау ең алдымен өзіміздің бас амандығымыз үшін керек. Босаңсуға мүлде болмайды. Індеттен сақтану жайында тұрғындар арасында қаншама түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әйтсе де халық тарапынан бұл дүиеге немқұрайлықты да байқап жатамыз. Індетті шарықтауына бей-жай қарамай, оның өршуіне сіз болып, біз болып тосқауыл болайық!

Ақнұр САҒЫНТАЙ
16 желтоқсан 2020 ж. 648 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031