» » Коронавирус жұқтырғандар тіркелді

Коронавирус жұқтырғандар тіркелді

Жалпы ауданда коронавирус жұқтырған ең соңғы науқас тамыз айының 18-де жазылып шыққан. Оқшаулаудың 12-ші күні алынған ПТР зерттеу нәтижесі теріс болып, 14 күн өткеннен кейін карантин аяқталған. Яғни, 3 қыркүйектен бастап ауданда КВИ жұқтырғандар болмады. Ал енді аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының хабарлауынша, 28 қазандағы мәлімет бойынша 3 науқас Covid-19 жұқтырып отыр.

Олардың вирусты жұқтырғаны 28 қазанда анықталған. Коронавирус расталған үш адамның біреуі вирусты екінші рет жұқтырса, енді біреуі – Қызылорда қаласына барып келген, тағы бірі – облыс орталығынан қонақ шақырған.

– Бұл уақытқа дейін ауданда коронавирустық инфекция жұқтырғандар болмады. Соңғы тіркелген науқастар індетті сырттан жұқтырып келген. Олар вирусты симптомсыз өткеріп жатқандықтан, қазір үй карантинінде, – дейді ауданның бас санитар дәрігері Гүлнар Төлепбергенова.

Эпидемиологиялық ахуалға байланысты енгізілген карантиндік талаптардың сақталмауы осы жағдайға әкеліп отыр. Расында, елімізде әлі талапқа бағынбайтындар бар. Көшеде бетпердесіз жүріп, әлеуметтік арақашықтық сақталмау жиі байқалады. Одан бөлек жасырын жиын-той жасап жатқандар қаншама. Күн сайын мұндай оқиғалар көптеп тіркелуде. Әкімдік жанынан құрылған мобильді топ оларға айыппұл салып, жауапқа тартып жатқанымен құқықбұзушылық азаймай тұр. Мәселен, аудан әкімдігі жанынан құрылған екі мобильді топ осы күнге дейін 399 нысанды аралаған. Рейд жұмысы барысында екі кәсіпкерге санитариялық талаптарды сақтамағаны үшін айыппұл салынған. Одан бөлек, 50 той жасау мен 27 талапты сақтамау фактісі тіркелген.

Қазіргі таңда карантин талаптары кезең-кезеңімен жеңілдетілуде. Алайда облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Д.Жанабергенованың No24 қаулысына сәйкес, бірқатар саланың қызметіне рұқсат жоқ. Оның ішінде көпшілік іс-шараларды, салтанатты жиындарды ұйымдастыруға қатаң тыйым салынған. Банкет залдары мен ойын-сауық орталықтарына жұмыс істеуге болмайды. Мектеп жасындағы балаларға да экскурсия ұйымдастыруға рұқсат етілмеген. Сондай-ақ демалыс және мереке күндері сауда үйлері мен азық-түлік сататын жабық базарлар, азық-түліктік емес дүкендер жұмысын тоқтатуы тиіс. Адам көп шоғырланатын сауда дүкендерінде, халықтың тыныс-тіршілігін қамтасыз ететін нысандарда бетперделік режимді, санитариялық-дезинфекциялық талапты сақтау қажет.

P.S.
Бастапқы уақытта болған олқылықтан сабақ алуымыз керек. Індет бейқамдықты кешірмейтіндіктен босаңсуға мүлде болмайды. Өзіміздің амандығымыз бен өзгеге зиян келтірмеу үшін талапқа бағыну қажет-ақ. Әлемді дүрліктірген вирустың екінші толқынын оңай немесе ауыр түрде өткеру бізге байланысты екенін естен шығармау керек. Әрбір тұрғын өзіне артылған жауапкершілікті түсінген кезде ғана індетті еңсереміз.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ
30 қазан 2020 ж. 766 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031