» » Қармақшыда коронавирус жұқтырғандар тіркелді

Қармақшыда коронавирус жұқтырғандар тіркелді

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырудың тағы 6 оқиғасы тіркелді. Бұл туралы өңірлік коммункикациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігі.

«Бүгінгі таңда Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар саны 24 адамға жетті. Олардың екеуі – Қармақшы ауданында, екеуі Жаңақорған ауданында, біреуі – Шиелі, ал, алтыншысы – Қызылорда қаласында тіркелді. Қармақшы ауданындағы бір науқас Алматы қаласынан келген. Екінші науқас анықталу үстінде. Жаңақорған ауданындағы екі адам да осы инфекцияны бұрын жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болғандар. Шиелі ауданында да осындай жағдай, яғни, бұрын ауырған науқаспен тығыз байланыста болған. Ал, Қызылорда қаласында анықталған адам облыста ең бірінші анықталған науқаспен қарым-қатынаста, тығыз байланыста болған», – деді Жақсылық Абдусаметов.

Басқарма басшысының айтуынша, облысымызда коронавирус инфекциясын жұқтырушылар саны күрт көбейіп отыр. Бүгінгі таңда өңірде осы қауіпті індетті жұқтырғандардың бәрі бұрын науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар екендігі анықталып отыр.

«Сондықтан, облыс тұрғындары, ең алдымен, сақтық шараларына мән беруі қажет. Жеке бас гигиенасын сақтап, мейлінше қорғану керек», – деді басқарма басшысы.

01 сәуір 2020 ж. 6 167 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 062
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 279

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031