Топ-баннер
» » Қызылорданы карантинге жабу мәселесі қаралуда

Қызылорданы карантинге жабу мәселесі қаралуда

Өңірде коронавирус жұқтырған азаматтар саны 5-ке жетті. Қауіпті вирус жұқтырғаны бүгін анықталған үш азаматқа байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеме жасады.
– Бұл үш жағдай таңертең лабораториялық зерттеу бойынша анықталды. Біреуі бұған дейін шыққан екі науқаспен қарым-қатынаста болған. Қазіргі таңда Жаңақорған аудандық ауданаралық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Ал екінші науқас 20 наурызда Америкадан келген. Үшіншісі – Қызылорда қаласының тұрғыны, онда қосымша қызылша ауруының да белгілері бар, – деді басқарма басшысы.
Ж.Абдусаметовтің айтуынша, өңірдегі медициналық қызметкерлер қауіпті вирустан сақтану бойынша оқудан өткен әрі қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Ал науқасты емдеп, тікелей қатынаста болатын мамандарға арнайы костюмдер берілген.
Сонымен қатар, Америкадан келген науқаспен бірге келген азаматтар іздестірілуде. Ал өңірді карантинге жабылу мәселесі қаралып жатыр.

Д.ҚЫРДАН
30 наурыз 2020 ж. 972 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 469
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 296

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728