» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: МЕНИНГИТ БОЙЫНША ОБЛЫСТА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: МЕНИНГИТ БОЙЫНША ОБЛЫСТА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

Аймақта менингококты инфекция жұқтырған жаңа деректер тіркелген жоқ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті басшысы Ұлбосын Аханаева мәлімдеді.

  Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін облыста менингококты инфекция жұқтырған 1 жағдай тіркелді. Осы жылдың 31 мамырында Жаңақорған ауданының тұрғынынан инфекция анықталған. 27 жастағы азамат аудандық ауруханаға жатқызылды. Алайда, дәрігерлер науқасты аман алып қала алмады, азамат 2 маусымда аудандық аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды.
   Департамент басшысының айтуынша, ауру ошағы болған Жаңақорған ауданында менингококты инфекция анықталған жоқ.
  – Бүгінгі таңда науқаспен қарым қатынаста 65 адам болғаны анықталды.  Олардың барлығынан анализдер алынып, зертханалық тексерулер жүргізілді.  Олардың нәтижесі бірер күнде қолымызға тиеді. Қазіргі кезде 15 адамның зерттеулері қолымызда бар, оның 4-і отбасы мүшелері, 11-і науқаспен қарым-қатынаста болған бірге жұмыс істеген әріптестері. Анализ қорытындылары – теріс. Менингококты инфекция анықталған жоқ. Қарым-қатынаста болғандардың барлығын 10 күн бойы бақылауда ұстаймыз, - деп атап өтті Ұ.Аханаева.
   Сондай-ақ, бүгінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанынан құрылған арнайы штаб өз жұмысын жалғастыруда.
– «Қазіргі кезде эпидемиологияға қарсы және профилактикалық шаралар ұйымдастырылуда. Аудандық аурухана қызметкерлері үй аралау арқылы аталған сырқатқа күдіктілерді анықтау жəне ақпараттандыру шараларын жүргізуде, - деді Ұ.Аханаева.
   Айта кету керек, облыста менингитке қарсы екпе егу жұмыстары басталды.
  Департамент басшысының айтуынша, өңірімізге екпелер Бельгия мемлекетінен жеткізілді. Алайда, менингитке қарсы егу Қазақстанның Ұлттық екпелер күнтізбесіне енгізілмегендіктен, ол – ақылы. Екпе құны 23 мың теңге тұрады. Сонымен қатар, вакцинациялау №6 қалалық емханада жүргізіледі. Бүгінде 2 адам екпе ектірген.

05 маусым 2018 ж. 1 582 1

Edith от 28 мамыр 2025 17:53
Wonderful write ups, Kudos! meilleur casino en ligne Many thanks, Excellent stuff! casino en ligne francais Amazing facts. With thanks. casino en ligne Appreciate it! Quite a lot of data. casino en ligne Kudos! Loads of content! meilleur casino en ligne You have made your point quite clearly!. casino en ligne You definitely made your point. meilleur casino en ligne Amazing all kinds of valuable knowledge. casino en ligne fiable Fine forum posts, Appreciate it! casino en ligne Wow a good deal of awesome material! casino en ligne

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 423
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 230

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930