» » Кенеден келген қатер

Кенеден келген қатер

Бұрындары кене шағудың күдікті жағдайлары облыстың оңтүстігіндегі Жаңақорған және Шиелі аудандарында тіркелген болса соңғы жылдары  Арал, Қазалы мен Қармақшы аудандарында да тіркеле бастаған. Аталған аймақтарда кененің жұқпалылық деңгейі арта түсуде. Осы мәселе бойынша аса қауіпті жұқпалы ауруларды алдын алу мақсатында көшпелі мәжіліс отырысы өтті. Семинарда бұл дертті алдын-алу және одан сақтану жұмыстары талқыланды.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары  Ж.Сүйеубаев, Қызылорда облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ұ.Аханаева, Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Ж.Сәрсенбаев, облыстық ветеринария басқармасының басшысы Е.Апетов, Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғ.Жаңабаев, Қызылорда облысы бойынша жұқпалы ауруларға қарсы аурахананың бас дәрігері А.Муханбетова және аудандық ветеринария саласының басшылары мен мамандары, аудан әкімі аппаратының терроризм профилактикасы, жұмылдыру дайындығы, азаматтық және аумақтық қорғаныс жұмыстары бөлімінің басшысы, мамандары, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы мен амбулаториялық емханалық қызметі бар аудандық емхананың бас дәрігері, Қызылорда обаға қарсы күрес станциасының Жосалы бөлімшесінің басшысы, мердігер «Төрт-түлік белгілері» ЖШС-нің өкілі, ауылдық округ әкімдері мен шаруа қожалық төрағалары қатысты.
Айнұр ӘЛИ
01 маусым 2018 ж. 2 379 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 757
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 198

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930