» » КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА МӘЖІЛІСІ БОЛЫП ӨТТІ

КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА МӘЖІЛІСІ БОЛЫП ӨТТІ

Үстіміздегі жылдың 15 ақпаны күні Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Рүстемұлының қатысуымен Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының кеңейтілген алқа мәжілісі болып өтті. Мәжіліс барысында басқарманың 2017 жылы атқарған жұмысының қорытындысы мен 2018 жылғы міндеттері талқыланды. Алқа мүшелерімен басқарманың 2018 жылға арналған жұмыс жоспары мақұлданып, бекітуге ұсынылды. Басқарманың өткен жылы атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы, алқа төрағасы М.Әбуова және облыстағы мәдениет үйлері мен клубтардың жұмысы туралы Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының басшысы С.Аманкелдиев, облыстағы кітапханалар жұмысы туралы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Н.Мырзамұратова баяндама жасады. Облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемұлы өзінің қорытынды сөзінде мәдениет, өнер және архив саласын одан әрі жетілдіру мен жаңа заман талаптарына сәйкес цифрлық жүйеге көшіруді жалғастыру және саланың қызметін дамытудың жаңаша жолдарын қарастыру туралы айтты.
2017 жылдың қорытындысы бойынша Сыр өңірінің рухани-мәдени саласының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін саланың 9 қызметкері облыс әкімінің Алғыс хатымен, 9 қызметкер облыс әкімі орынбасарының Алғыс хатымен және 16 қызметкер Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының Алғыс хатымен марапатталды.
16 ақпан 2018 ж. 1 731 1

JeaCold от 3 наурыз 2019 10:09
Cialis Vente Au Canada Cialis Viagra Foro canadian cialis Mail Order Levitra Supply Of Keflex

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 405
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728