» » Қызылордада коронавирустан тағы 2 адам жазылды

Қызылордада коронавирустан тағы 2 адам жазылды

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясынан 15 сәуірде тағы 2 адам айығып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Бұл жөнінде Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.
«Олардың емі толық аяқталды. Науқастардан 2 рет тест сынамасы алынды. Сынама нәтижесі олардың сау екенін көрсетті. Науқастар коронавирус инфекциясынан толық айықты деген қорытынды жасалды. Олар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасынан үйлеріне шығарылады. Індетті жеңген 2 науқас та Қызылорда қаласының тұрғыны. Емделушілер алдағы уақытта 14 күн бойы аймақтық дәрігерлер бақылауында болады», - деп мәлім етті ведомстводан.

Айта кетейік, облысымызда бұған дейін 2 науқас аталған індеттен айыққан болатын. Қазір барлығы 4 науқас коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысында коронавирус инфекциясы қойылған 127 адам бар.


15 сәуір 2020 ж. 948 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 864
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 120

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930